"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 381 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223  өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiнiң күшi
жойылды деп тану туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасында ұлттық лотерея ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiнiң (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 431-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiнiң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады