Қазақстан Республикасында ұлттық лотерея ұйымдастыру және өкiтзу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.05.16 N 1573 Жарлығымен

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық лотереясын ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде кеңес құрылсын (құрамы қоса берiлiп отыр).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) Осы өкiмге қол қойылған күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының ұлттық лотереясын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi кеңес туралы Ереженi бекiтетiн болсын; 
      2) ұлттық лотерея туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; 
      3) мынадай тәртiп белгiлесiн, соған сәйкес лотереяларды (мемлекеттiк лотереялардан өзгелерiн) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтiң лицензиары Қазақстан Республикасының Үкiметi болады, ал шет мемлекеттер лотереяларын Қазақстан Республикасының аумағында тарату Ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi кеңеспен оларды тарату шарттары келiсiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады; 
      4) осы өкiмге қол қойылған күннен бастап үш ай мерзiмде Қазақстан Респбуликасының аумағында лотереялар өткiзу шарттарын қайта қарасын және Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiк лотереялардан өзгерлерiн) өткiзу құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтсiн; 
      5) ұлттық лотереяның лотерея билеттерiн сатудан алынған қаражат, ұтыстарды төлеуге, лотереяны өткiзуге байланысты шығыстарды өтеуге арналған қаражатты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен Ақмола қаласын абаттандыру мен дамытуға және Пенсия қорына жiберiледi деп белгiленсiн; 
      6) тиiстi лицензияларсыз лотереялар өткiзуден түскен табыстардың бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорына алынуын, сондай-ақ ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде шешiм қабылдануына байланысты салық, кеден және өзге де заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiн көздейтiн заң жобасын Парламенттiң қарауына енгiзсiн.

      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары ұлттық лотереяны ұйымдастыруға және өткiзуге жан-жақты жәрдем жасайтын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
1996 жылғы 18 қарашадағы  
N 3223 өкiмiне      
қосымша          

Қазақстан Республикасының ұлттық лотереясын
Ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi кеңестiң
ҚҰРАМЫ

     НИ. В.В. - Кеңес төрағасы
     Ертiлесова Ж.Д. - Кеңес төрағасының орынбасары
     Тимкин М.И. - Кеңес төрағасының орынбасары

     Кеңес мүшелерi:

     Әбiлғазин Д.Р.
     Әйiмбетов С.С.
     Дәмитов Қ.Қ.
     Нұрғалиева Е.Н.
     Сағдиев М.Р.
     Шадиев К.К.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады