1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 мамырдағы N 488 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы  келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа әзiрбайжан тарапымен келiссөздер жүргiзуге және уағдаластыққа қол жеткiзілгеннен кейiн қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi
арасындағы мұнай машина жасау саласындағы
ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы
келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi,
      1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы  келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 9-бабына сәйкес,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Келiсiмге мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Келiсiмнiң 7-бабының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасынан - Индустрия және сауда министрлiгi".

  2-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Бакуде 2005 жылғы "__" ______ әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасының          Әзiрбайжан Республикасының
      Үкіметі үшін                       Yкiметi үшiн

О подписании Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики об основных принципах сотрудничества в области нефтяного машиностроения от 10 июня 1997 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2005 года N 488

     Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики об основных принципах сотрудничества в области нефтяного машиностроения от 10 июня 1997 года.
     2. Уполномочить вице-министра индустрии и торговли Республики Казахстан Смагулова Болата Советовича провести переговоры с азербайджанской стороной и по достижении договоренности подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики об основных принципах сотрудничества в области нефтяного машиностроения от 10 июня 1997 года, разрешив вносить в него изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
     3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан

Проект     

ПРОТОКОЛ
о внесении изменения в Соглашение между Правительством
Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской
Республики об основных принципах сотрудничества в области
нефтяного машиностроения от 10 июня 1997 года

(Официальный сайт МИД РК - Вступил в силу с даты подписания)

     Правительство Республики Казахстан и Правительство Азербайджанской Республики, именуемые в дальнейшем Сторонами,
     в соответствии со статьей 9 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики об основных принципах сотрудничества в области нефтяного машиностроения от 10 июня 1997 года (далее - Соглашение),
     согласились о нижеследующем:

Статья 1

     Внести в Соглашение следующее изменение:
     абзац второй статьи 7 Соглашения изложить в следующей редакции:
     "от Республики Казахстан - Министерство индустрии и торговли".

Статья 2

     Настоящий Протокол является неотъемлемой частью Соглашения и вступает в силу с даты подписания.

     Совершено в Баку "  " 2005 года в двух экземплярах, каждый на казахском, азербайджанском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.

      За Правительство                     За Правительство
   Республики Казахстан              Азербайджанской Республики