Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа әзiрбайжан тарапымен келiссөздер жүргiзуге және уағдаластыққа қол жеткiзілгеннен кейiн қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi
арасындағы мұнай машина жасау саласындағы
ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы
келiсiмге өзгерiс енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi,
1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 9-бабына сәйкес,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Келiсiмге мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Келiсiмнiң 7-бабының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан - Индустрия және сауда министрлiгi".
2-бап
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Бакуде 2005 жылғы "__" ______ әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасының
Үкіметі үшін Yкiметi үшiн