Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ақиқат" және "Мысль" журналдары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 сәуірдегі N 380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 18, 184-құжат);
2) "Абай" журналы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы N 512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 22, 512-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі