Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлену мен оны өткiзуге байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң Семей қаласында республикалық әдеби-көркем және фольклорлық-этнографиялық "Абай" журналын шығару туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Семей облысының әкiмi "Абай" журналының редакциясына мекен-жай, керектi мүлiктер, құрал-жабдықтар, ұйымдық техника мен қызмет көлiгiн бөлетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi "Абай" журналы редакциясының штаттық құрылымын анықтасын, оны полиграфиялық базамен, қажет мөлшерде қағазбен және басқа да материалдармен қамтамасыз ететiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Абай" журналын ұйымдастыру және оны шығару үшiн қажет қаржы көзiн анықтайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi