Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына
өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтepi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 595-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттiк басқаруды одан әрi орталықсыздандыру мәселелерi жөнiндегi заңдарды қолданысқа енгiзгеннен және жергіліктi өзiн-өзi басқаруды енгiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын белгiлесiн, ұйымдастырсын және кезең-кезеңiмен өткiзсiн;".
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi