Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және
олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы
iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат; 2001 ж., N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 10, 106-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "заттар" деген сөз "құралдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) тармақшада:
"немесе сол мемлекеттiң бiр аумағы шегiнен басқа бiр аумағы шегiне" деген сөздер алынып тасталсын;
12) тармақшада "заңсыз", "қасақана" деген сөздер алынып тасталсын;
26) тармақшада:
"мемлекеттiк саясатты" деген сөздерден кейiн "және стратегияны" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
27) "препарат - құрамында Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгізiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi құралдары, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар заттардың қандай да болсын күйдегi қоспасы;
28) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды қайта өңдеу нәтижесiнде тазарту (бөгде қоспалардан тазарту), препаратта есiрткi немесе психотроптық заттардың шоғырлануын арттыру, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi немесе психотроптық заттар болып табылмайтын заттар алынатын қызмет;
29) ecipткi құралдарын, психотроптық заттарды пайдалану - есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатты пайдалану;
30) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды дайындау - есiрткi, психотроптық заттары алына алатын, сондай-ақ есiрткi немесе психотроптық заттардың басқа есiрткi, психотроптық заттарға айналатын өндiрістен басқа барлық процестер;
31) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды өңдеу - есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден сериялық алуға бағытталған процесс;
32) уәкiлетi мемлекеттiк орган - сол органдардың құқықтық мәртебесiн анықтайтын заңнамаға сәйкес құзыретiне есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кiретiн мемлекеттiк органдар;
33) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативi - мемлекеттік лицензияға сәйкес қызметтің нақты түрiн жүзеге асыратын нақты заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында iске асыру үшiн заңды тұлғаларға - өндiрушi және импортер кәсiпорындарға рұқсат етiлген белгiлi есiрткi құралдарының не (немесе) психотроптық заттардың саны;
34) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну нормативi - есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берiлген нақты заңды тұлғаларға тұтыну үшiн қажеттi белгiлi есiрткi құралдарының не (немесе) психотроптық заттардың саны.";
2) 2-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiкте "екi тiзiмнен" деген сөздер "бiр тiзiмнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi бөлiк алынып тасталсын;
мынадай тармақтағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Препаратқа оның құрамындағы есiрткi, психотроптық затқа немесе прекурсорға қолданылатын ұқсас бақылау қолданылады.
Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi құралдары психотроптық заттары болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi құралдарына, психотроптық заттарына қолданылатын бақылау қолданылады.
Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының саны аз және қауiп төндiрмейтiн немесе оларды терiс пайдаланған жағдайда аз қауiп төндiретiн және аталған заттар олардан жеңiл қол жеткiзетiн әдiстермен алынбайтын дәрi-дәрмектiк препараттар осы Заңда белгіленген бақылаудан алынуы мүмкiн. Мұндай препараттардың, өлшемдердiң тізiмдерін, сондай-ақ оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
3) 5-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"19) уәкiлетті мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
20) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi;
21) мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
22) есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
23) белгiленген тәртiппен есiрткi құралдарының, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын бақылау және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына инвестициялар мен техникалық көмек тартуды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
24) ұйымдарға нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы заңнаманың бұзылуын жою жөнiнде ұсыным енгiзедi.";
4) 6-бапта:
бiрiншi абзацта "Қазақстан" деген сөздiң алдында "1." санымен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Мемлекеттiк бақылау - есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасының аумағында сондай айналымға қатысушы атқарушы билiк органдарының өкiлеттерiн, заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын және мiндеттерiн белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз айналымнан алынған құралдар мен заттарға бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн шаралар мен ережелер жүйесi.
Мемлекеттiк бақылау өзіне құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiрумен, жинаумен және дайындаумен, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеумен, өндiрумен, қайта өңдеумен, әкелумен, әкетумен, транзиттеумен, тасымалдаумен, жөнелтумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, өткiзумен, пайдаланумен, жоюмен байланысты, лицензия беру, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзу, инспекциялау арқылы есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының заңнамамен белгiленген ережелерiн сақтаумен байланысты қызмет түрлерiн қамтитын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына жүзеге асырылады.
Бақылау мынадай ұғымдардан шыға отырып жүзеге асырылады:
бақылау объектiсi - есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтi жүзеге асыратын меншiктiк нысанына қарамастан мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар;
бақылау мақсаты - есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға кетуiне жол бермеу, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың талан-таражға салынуын ескерту және анықтау, есепке алу, сақтау және жiберу ережелерiнiң бұзылуын болдырмау, лицензия алушылардың заңнамамен белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестігін, олардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды ұстау ережелерiн сақтауды тексеру;
бақылау мәнi - мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметi, бөлу, есепке алу және есеп беру, есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi лицензиялау;
бақылау жүргiзу мерзiмдерi - жоспарлы;
бақылауды жүргiзу кезеңi - тоқсанына бiр реттен кем емес;
бақылау нысаны - тексеру, инспекциялау, тексеру, тиiстi ұсынымдар бере отырып тексеру;
мемлекеттiк бақылау жүргізу негізi - жедел-iздестiру қызметтi жүзеге асыратын органдарға келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтiнiштерi, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер.";
5) 7-бапта:
1-тармақта "16, 17, 18" деген сандар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Yкiметi арнайы бақылаудағы және есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын құралдардың, жабдықтардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу, өндiру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату, өткiзу, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету ережелерiн белгілейдi.";
6) 8-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк квотаны Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Мемлекеттiк квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесi күнтiзбелiк жылға тапсырыс берген белгілi есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың санын қамтиды.
Тұтынушы заңды тұлғалар, мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiту үшiн өтiнiмдi ведомстволық тиiстілiк бойынша қорытындылау үшiн жоғары тұрған ұйымға иерархия бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органға дейiн ұсынады.
Мемлекеттiк емес сектордың тұтынушы заңды тұлғалары келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiту үшiн тиiстi әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тиiстi саладағы қызметтi үйлестiретiн мемлекеттiк органдарға қорытындылау және уәкiлеттi мемлекеттiк органға дейiн иерархия бойынша ведомстволық тиiстiлiк бойынша беру үшiн ұсынады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар келесi күнтiзбелiк жылға арналған қорытындыланған тұтыну нормативiн бекiту үшiн есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға қорытындыланған өтiнiмдi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн ұсынады.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қайта өңдеудi немесе құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар препараттарды немесе дәрi-дәрмектiк құралдарды өндiрудi жүзеге асыратын тұтынушы заңды тұлғалар меншiктiк нысанына қарамастан келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiту үшiн өтiнiмдi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.
Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган заңды тұлғалардың тұтынудың нормативтерi өтiнiмдерiнiң негiздiлiгiн тексередi, бекiтуге тапсырыс берiлген тұтыну нормативтерiн қорытындылайды және есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтынудың аталған нормативтерiн бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзедi.
Қызметтерi лицензиялауға жататын нақты тұтынушы заңды тұлғалар үшiн (емдеу-профилактикалық, дәрiханалық, мал дәрiгерлiк, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдар мен т.б.) нормативтер көрсете отырып республикамыздың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi үшiн тұтыну нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және бекiтiлген тұтыну нормативiнiң шегiнде тапсырыс берiлген санның негiзiнде лицензиар-орган бекiтедi.
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк квотаны белгiлегеннен кейiн уәкілеттi мемлекеттiк органдар бойынша экономика саласы бойынша қамтамасыз ету нормативтерiн бекiту үшiн Үкiмет қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қамтамасыз ету нормативтерiн бекiтедi және оларды уәкiлетті мемлекеттiк органдарға жiбередi. Қамтамасыз ету нормативтерi есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелгеннен немесе (және) өндiргеннен кейiн бастапқы iске асыруды жүзеге асыратын өндiрушiлер мен импортерлердiң заңды тұлғалары үшiн бекiтiледi.
Қазақстан Республикасының қамтамасыз ету нормативiнiң жиынтық деректерi Қазақстан Республикасының қажеттілік нормасына (мемлекеттiк квотаға) сәйкес келуi тиiс және оны асыра пайдалану мүмкiн емес.
Қамтамасыз ету нормативiн үлестi бөлу Тiзiмге енгiзiлген барлық есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар тапсырыс берген аталған заттар мен құралдардағы өнiмге қатысты жүзеге асырылады.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру және әкелу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттік квотаны бекiткеннен кейiн есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға келесi күнтiзбелiк жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейiн қамтамасыз ету нормативтерiн бекiтуге құжаттар топтамасын ұсынады.";
7) 10-бапта:
тақырыбында "(дайындау)" деген сөз ", дайындау, қайта өңдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Өндiру" деген сөзден кейiн ", дайындау, қайта өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "өндiретiн" деген сөзден кейiн "дайындайтын, қайта өндiретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 13-баптың 4-тармағында:
"сатып алудың" деген сөздерден кейiн "пайдаланудың" деген сөз алынып тасталсын;
"уәкiлеттi мемлекеттiк органдар" деген сөздер "есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган";
9) 15-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтарда "және психотроптық заттар" деген сөздер ", психотроптық заттар және прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын;
10) 16-бапта:
1-тармақта "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тiзiмге енгiзiлген құрамында есiрткi заттар бар дәрiлiк препараттар оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған азаматтық мақсаттағы көлiкте, әскери машиналарда (кемелерде) арнайы-тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiз) оқу жаттығуларына шығу кезiнде, ұшу аппараттарында ұшу кезiнде ұшқыштың дәрi қобдишасында, Қарулы күштердiң әскери бөлiмдерi мен мекемелерi үшiн, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар үшiн шұғыл көмек шкафтарында (укладкаларында) бола алады.
Тиiстi рұқсатты есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.
Рұқсаттарды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Құрамында есiрткi заттар бар дәрілік препараттарды оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған азаматтық мақсаттағы көлiкте, әскери машиналарда (кемелерде) арнайы-тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiз) оқу жаттығуларына шығу кезiнде, ұшу аппараттарында ұшу кезiнде ұшқыштың дәрi қобдишасында, Қарулы күштердiң әскери бөлiмдерi мен мекемелерi үшiн, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарында есепке алу тәртiбiн есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті органның келiсiмi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";
11) 17-баптың атауында және 2-тармағында "пайдалану" деген сөз "айналымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 21-баптың 1-тармағында "есiрткi заттары" деген сөздер "есiрткi құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 22-бапта:
тақырыбындағы "заттар" деген сөзден кейiн "және прекурсорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға және оларды өнеркәсiптiк, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттарда пайдалануға қызметтiң осындай түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк квоталардан аспайтын көлемде рұқсат берiледi";
4-тармақта "өнеркәсiптiк" деген сөзден кейiн ", оқу, ғылыми" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Бақылау сатып алу";
Мәтiндегi "жедел сатып алу" деген сөздер "бақылау сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) жоғарыда аталған Заңның "Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi" деген 1-қосымшада:
бiріншi абзацтағы "1997 жылы қосылды" деген сөздер "1998 жылы қосылды" деп жазылсын;
екінші абзацта:
"екiншi тiзiмнен" деген сөздер "бiр тiзімінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"I-III кестелерде заттардың атаулары Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ұсынған халықаралық тiркелмеген атауларына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияда , 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы бiрыңғай конвенцияда көрсетiлген атаулар мен суреттемелерге, сондай-ақ басқа да тiркелмеген атауларға сәйкес келедi. Төменде олардың суреттемелерi немесе химиялық атауы келтiрiледi.";
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІ кестеге медициналық мақсаттарда пайдаланатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенция I тізiмнің бөлігі, II тiзiмi және 1971 жылғы Конвенцияның II тiзiмi) есiрткi құралдары мен психотроптық заттар енгізiлген";
сегiзіншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Есiрткi құралдарына немесе психотроптық заттарға сонымен қатар атаулары (синонимдерi) Тiзiмге енгізілмеген препараттар жатады";
"Медициналық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттардың тiзiмi" деген I кестеде:
А "Есiрткi заттар" деген тарауда:
21-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. "МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnаbis тектес өсiмдiктiң уақталған немесе уақталмаған жоғары бөлiктері - кептiрiлген немесе кептiрілмеген түрдегі жапырақтары мен гүлшоғырлары.
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. КАННАБИС (КОНОПЛЯ) ӨСIМДIГI - құрамында тетрагидроканнабинол бар (тұқымы мен тамырын қоспағанда егер оларды өсiмдiктiң өзі немесе басқа бөліктері болмаса) Cannabis тектес кез-келген өсімдік.
В "Психотроптық заттар" деген тарауда:
ескертпе мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Кестеде аталған психотроптық заттардың стереоизомерлерi нақты химиялық атаудың шегінде бар болуы мүмкiн барлық жағдайларда";
"(Медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы есірткі және психотроптық заттардың тiзiмi" деген II кестеде:
А "Есiрткi құралдан" деген бөлiмнiң 15, 29, 30, 37, 40-тармақтары алынып тасталсын;
В "Психотроптық заттар" деген бөлiмнiң 9-тармағындағы "(этаминал-натрия, нембутал)" деген сөздер алынып тасталсын;
"Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттардың тiзiмi" деген III кестеде:
В "Психотроптық заттар" деген бөлiмде:
5-тармақта "БАРБИТАЛ НАТРИЯ (BARBITAL, SODIUM)" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ)";
41-тармақта "(нозепам)" деген сөз алынып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе. Осы Кестеде көрсетiлген заттардың тұздары осындай тұздардың бар болуы мүмкiн барлық жағдайларда.";
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жатпайтын, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар көп компоненттi дәрiлiк препараттар тiзiмi алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi