1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 128-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта "сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын алуға конкурстар" деген сөздер "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын алуға конкурстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтарда "сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын" деген сөздер "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы";
көрсетiлген Комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының
Иван Михайлович Индустрия және сауда бiрiншi вице-
министрi, төрағаның орынбасары
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Мәтiшев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әлиақпар Болатұлы және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетiнiң төрағасы;
мына:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда министрлiгi Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөнiндегi комитетiнiң төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi, төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда министрлiгi Техникалық
реттеу және метрология комитетiнiң
төрағасы";
көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы, Жүндiбаев Валерий Ермекбайұлы, Хорунжий Андрей Григорьевич, Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы шығарылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру ережесiнде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру ережесi";
2, 3, 11 және 12-тармақтардағы "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi сыйлығының", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығы" деген сөздер тиiсiнше "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлығының", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта "Өнiмнiң бiр түрi бойынша" деген сөздер "белгiлi бiр номинацияда" деген сөздермен ауыстырылсын;
7, 8 және 9-тармақтарда "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi", "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "Техникалық реттеу және метрология комитетi", "Техникалық реттеу және метрология комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткiзу ережесiнде:
1-тармақта "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Конкурсқа өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын өндiрудi жүзеге асыратын барлық меншiк нысанындағы ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшiн Техникалық реттеу және метрология комитетiне белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өтiнiм беру және белгілi бiр құжаттар жиынтығын тапсыру қажет.";
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ереже";
1-тармақта "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледi:".