Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 тамыздағы N 846 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктік жалға беру ережесiнде:
      3-тармақтың 3) тармақшасында "мекемелер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 марта 2001 года N 336

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2005 года N 846. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1102

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.09.2011 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 марта 2001 года N 336 "Об утверждении Правил передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении республиканских государственных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 10, ст. 111) следующее дополнение:
      в Правилах передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении республиканских государственных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации, утвержденных указанным постановлением:
      в подпункте 3) пункта 3 после слова "учреждениями" дополнить словами ", а также государственными предприятиями и юридическими лицами, пятьдесят и более процентов акций (долей) или контрольный пакет акций которых принадлежит государству,".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан