Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмділiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесi бекiтiлсiн. 

      2. Министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар: 
      1) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел басқарудағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген Ереженi сақтауын; 
      2) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың өздерiнiң шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi мүлiктiк жалға беруi жөнiндегi тоқсан сайынғы жиынтық есептi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне қосымшаға сәйкес есептi мерзiмнен кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей беруiн қамтамасыз етсiн.

      3. Мыналарға: 
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел басқарудағы мүлiктi мүлiктiк жалға беру кезiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген Ереженiң сақталуын қамтамасыз ету; 
      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру шарттарын осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Ереже негізінде анықтау ұсынылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң     
2001 жылғы 7 наурыздағы          
N 336 қаулысымен             
бекiтiлген                  

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру
ЕРЕЖЕСI

                      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi әрi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктік жалға беру ерекшелiктерiн регламенттейдi.

      2. Осы Ереже республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру тәртiбiн айқындайды.

      3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiк, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң мүлкiн мүлiктiк жалға беру:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жекелеген шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру;
      2) алаңы 100 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және мемлекеттiк басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру; 
      3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалар өткiзетiн мүлiктiк жалға алу жөнiндегi қызметтердi сатып алуға арналған конкурстарға қатысу. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.09.27. N 1263  қаулысымен ,   3-тармақ жаңа редакцияда - 2003.01.21. N 67  қаулысымен , өзгерту енгізілді - 2004.09.14. N 963  қаулысымен , 2005.08.18. N  846   қаулысымен .

       3-1. Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі.
      Жалдау ақысының есептiк ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және оларды уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша жалға берушi бекiтеді. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

           4. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру кейiннен сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылады. 

                      2. Жалға берушi 

      5. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар жалға берушi болады.

      6. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар өзiнiң шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi үш жылға дейiнгi мерзiмге мүлiктiк жалға беру туралы шешiмдi өзi қабылдайды.
     Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi, сондай-ақ, республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның жедел басқаруындағы мүлiктi үш жылдан астам мерзiмге жалға берудi кәсiпорын тек қана мемлекеттiк басқару органымен келiскеннен кейiн және уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен жүзеге асыра алады. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

     7. Жалға берушi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
     1) мүлiктi мүлiктiк жалға беру туралы және тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды;
     2) тендер өткiзiлетiн күн мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн белгiлейдi;
     3) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
     4) тендерлiк комиссия құрады;
     5) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
     6) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
     7) тендер жеңiмпазымен мүлiктi жалға беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
     8) тендер аяқталғаннан кейiн тендерге қатысушыларға заң кесiмдерiмен белгiленгеннен басқа жағдайларда кепілдiк жарналарын қайтарады;
     9) тендердi өткiзуге қажеттi өзге функциялар.

     8. Тендердi ұйымдастырушы ретiнде тендерлiк комиссия не жалға берушiнiң тапсырмасы бойынша тендер ұйымдастырушы әрекет етедi. 

     9. Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушiнiң мемлекеттiк басқару органының және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуі мүмкiн.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

       10. Тендерлiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
     1) тендердi хабарлау үшiн тендерлiк құжаттамаларды және басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды; 
     2) тендерге қатысушыларды тендерлiк құжаттамалармен және тендер объектiсiмен таныстыру жүргiзедi; 
     3) тендердiң өткiзiлуi туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады; 
     4) ұсынылған өтiнiмдердi қабылдауды, тiркеудi және сақтауды жүргiзедi; 
     5) өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу аяқталғаны туралы хаттама әзiрлейдi; 
     6) қажет болған жағдайда, тендерлiк және басқа қажетті құжаттамаларды дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргiзу жөнiнде мамандар мен сарапшылар тартады;
     7) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге шешiмi бар хаттамасын ресiмдейдi.

     11. Тендерлiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жәй көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

     12. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк комиссия мүшелерiнiң 2/3-сi қатысса, заңды болып табылады.

     13. Жалға берушi тендердi ұйымдастырушыны белгіленген жағдайда, ол тендерлiк комиссия функцияларының осы Ереженiң 10-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетiлген бөлiгiн орындайды. 

                   3. Тендерлiк құжаттама

     14. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, құрамын және шарттарын жалға берушi белгiлейдi.

     15. Тендер өткiзу туралы хабарламаны тендер өткiзуге дейiн кемiнде 15 күн бұрын тендер ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс.

     16. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
     1) жалға берушінің атауы;
     2) мүлiктiк жалдың мерзiмi және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (осы Ереженiң 3-1-тармағына сәйкес жалға берушi бекiткен есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс); <*>
     3) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
     4) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
     5) тендерге қатысуды ресімдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
     6) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
     7) мүлiктiк жалға беру шартын жасасу мерзiмi;
     8) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары;
     9) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты және орны туралы мәлiметтер;
     10) өтiнiмдер қабылдау басталатын және аяқталатын күн мен уақыты болуы тиiс.
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

     17. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша, тендер комиссиясы белгiлеген тәртiппен жиынтықта ұсынылады.

     18. Тендерлiк құжаттама мынадай негiзгi бөлiмдерден тұруы тиiс:
     1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
     2) өтiнiмнiң және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны
бойынша талаптар;
     3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;
     4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi;
     5) мүлiктiк жалға беру шартының жобасы;
     6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.

                    4. Тендерге қатысуға өтiнiмдер

      19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаның тендер объектiсiн қарауға, сондай-ақ тендер өткiзу шарттары мен тәртiбi туралы ақпарат алуға құқылы.

      20. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға мына құжаттарды тендер комиссиясына ұсынуы тиiс:
      1) үмiткердің тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi көрсетiлген өтінімi;
      2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      4) тендер шарттары жөнiнде желiмделген конвертке салынған өзiнiң ұсынысы;
      5) ақпараттық хабарда көрсетiлген өзге де құжаттар.

      21. Өтiнiм тендерлiк құжаттамада белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкес дайындалуы тиiс. Өтiнiмдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте:
      1) өтiнiмнiң өзi;
      2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      4) ақпараттық хабарда көрсетiлген өзге де құжаттар болуы тиiс.
      Iшкi конвертте үмiткердiң өзiнiң ұсыныстары болуы тиiс.
      Өтiнiм беру кезiнде iшкi конверт жабық әрi үмiткер оған мөр басқан болуы тиiс.

      22. Тендерлiк комиссия өтiнiмдердi қабылдау кезiнде iшкi конверттегiнi қоспағанда, қажеттi құжаттардың түгелдiгiн тексередi. Егер құжаттар осы Ереженiң 21-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлiк комиссия өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуден бас тартатыны туралы, бас тарту себебiн көрсете отырып, сол күнi үмiткерге жазбаша хабарлайды.

     23. Барлық қажеттi құжаттар болған ретте тендерлiк комиссия қабылдау күнiн және сағатын көрсете отырып, өтiнiмдi тiркеуге мiндеттi. Бұл кезде iшкi конверт ашылмайды.

     24. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлға оның өтiнiмi тiркелгеннен кейiн тендердiң қатысушысына айналады.

     25. Тендерге қатысушы қосымша мәлiметтердi, тендерге шығарылған объектi бойынша нақтылауды тегiн алуға құқылы.

     26. Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеу аяқталған күнi тендер комиссиясы өтiнiмдер қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды.
     Өтiнiмдер қабылдау аяқталғаны туралы хаттамада мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
     1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
     2) тiркеуге алынған өтiнiмдер саны мен тiзбесi;
     3) қайтарылып алынған өтiнiмдер (олар болған жағдайда) саны мен
тiзбесi.

                      5. Тендер рәсiмi

      27. Егер өтiнiмдер қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтінім тiркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.

      28. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi. 
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкілеттiк берiлген өкiлдерiнің қатысуға құқықтары бар. 

      29. Тендерлiк комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi. 

      30. Тендерлiк комиссия конверттердi ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейiн ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
      Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.

      31. Тендер объектiсiн пайдалану үшiн ең жоғары ақы ұсынған, тендердiң басқа да шарттарын орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алған және ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады. 

                 6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу

      32. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
     Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.

      33. Хаттамада:
      1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
      2) тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазы туралы мәлiмет немесе жеңiмпаздың болмау себептерiн көрсете отырып, өзге шешiм;
      3) жеңiмпаз тендердi жеңiп алған шарттар болуы тиiс.

      34. Тендерлiк комиссия қатысушыларды тендер нәтижелерi туралы жазбаша хабардар етедi.

      35. Тендер қорытындыларын шығарғаннан кейiн жеңiмпаз болмаған тендерге қатысушыларға кепілдiк жарнасы қайтарылады. 

      36. Тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға беру шартын жасасуға мiндеттi. 

      37. Тендер жеңiмпазы енгiзген кепiлдiк жарнасының сомасы мүлiктiк жалға беру туралы жасалған шарт бойынша тендер объектiсiн пайдаланғаны үшiн ақы есебiне жатқызылады.

      38. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда кепiлдiк жарна тендер жеңiмпазына қайтарылмайды.

      39. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда, жалға берушi жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде 2 болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

              7. Мүлiктiк жалға беру шартының мазмұны

      40. Мүлiктiк жалға беру шартына тараптар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мерзiмде қол қоюлары тиiс.

      41. Мүлiктiк жалға беру шартында мiндеттi түрде мынадай ережелер болуы тиiс:
      1) мүлiктiк жалға берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер;
      2) жалға берiлген мүлiктiң жалдаушыға тапсырылатын мерзiмi;
      3) жалдауға алынған мүлiктi пайдалану ақысын енгiзу тәртiбi және мерзiмдерi;
      4) жалдаушының мiндеттерi: 
      объектiнi тиiстi тәртiпте ұстау, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттер жасамау, сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру; <*>
      объектiге өзiнiң кiнәсi бойынша зақым келтiрiлген жағдайда, оны өз есебiнен жөндеудi қамтамасыз ету; 
      жалға берушiнің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау; 
      жалға берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметiнiң және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртiбiне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң объектiге және оған жақын орналасқан жер учаскесiне кiруiне рұқсат беру, көрсетiлген олқылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою; 
      объектiнi қосалқы жалгерлікке тек жалға берушiнiң келiсiмiмен беру; 
      мүлiктік жалға беру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалдауға) жол бермеу, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлдiкке бермеу және оларды шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде енгiзбеу;
     5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзудың негiзi және ережесi.
      Ескерту. 41-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

     42. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде мүлiктiк жалға беру шартына объектiнi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiшi ретінде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.

     43. Шарт ол жасалған кездегi қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және жасалатын мәмiле заңнамаға қайшы келмейтiн ерекшелiктерiн көрсете алады.

     44. Тараптар мүлiктiк жалға беру шартының ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес жауапты болады. 

                      8. Қорытынды ережелер

     45. Осы Ережемен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

     46. Объектіні мүлiктiк жалға беру кезiнде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе заңнамада белгiленген тәртiпте қаралады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2001 жылғы 7 наурыздағы N 336        
қаулысына қосымша                

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.21. N 67  қаулысымен.

    __________________________________________200____жылдың   (айы)
(министрліктің, агенттіктің, ведомствоның)
үшін ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті олардың мүліктік жалға беруі жөніндегі
ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ

-------------------------------------------------------------------
Р/с!Кәсіп.!Жалдау шар. !Жалға  !Мүліктік жал.!Үй-жай   !Жалға алын.
N  !орын. !тының N және!алушы. !дау шартының !алаңы    !ған мүлікті
   !ның   !күні (ұзар. !ның    !әрекет ету   !немесе   !пайдалан.
   !атауы !тылған жағ. !атауы  !мерзімі      !жабдық   !ғаны үшін
   !      !дайда жаңа  !(тегі, !-------------!саны     !ақының
   !      !шарттың     !аты-   !баста.!аяқ.  !         !мөлшері
   !      !N және күні)!жөні)  !луы   !талуы !         !(мың
   !      !            !       !      !      !         !теңге)
-------------------------------------------------------------------
1    2         3         4       5       6       7        8
-------------------------------------------------------------------
      таблицаның жалғасы

---------------------------------------------
Есептелген!Аударылған!Мүлікті      !Ескерту !
ақы       !сома      !пайдаланғаны !        !
(мың      !(мың      !үшін төлемдер!        !
теңге)    !теңге)    !бойынша      !        !
          !          !берешек      !        !
---------------------------------------------
    9          10          11          12
---------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады