Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 924 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің  19-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2005 жылғы 16 қыркүйектегі 
N 924 қаулысымен      
бекітiлген         

  Облыстық (республикалық маңызы бap қаланың, астананың)
қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.09 № 1313 Қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қоғамдық байқау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында , жалпы танылған қағидаттарда және халықаралық құқық нормаларында , Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.

      2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комиссия еріктілік, тең құқылық, өзін-өзi басқару және заңдылық негiзінде әрекет етедi.

      4. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-іздестiру, қылмыстық iс жүргізу қызметіне және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге араласуға жол берiлмейдi.

      5. Комиссияның өкiлеттiгі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасымен айқындалады.

  2. Комиссияны құру тәртібi

      6. Комиссиялар түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi ұстау шарттары, еңбектi, демалыс пен оқуды ұйымдастыру бөлiгiнде олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруда жәрдем көрсету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлігiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау мақсатында жәрдем көрсетуге ниет бiлдiрген қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестіктер одақтарының (қауымдастықтарының) бастамасы бойынша құрылады. Комиссиялар заңды тұлғалар болып табылмайды.

      7. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында бiр ғана облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Комиссия құрылады және әрекет етедi. Оның жұмысына қатысуға ниет бiлдiрген басқа қоғамдық бiрлестіктердiң құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында бастамашылар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен басқа қоғамдық бiрлестіктерге Комиссияның құрылуы туралы ақпарат бередi және оның жұмысына қатысуға ұсыныс жасайды.

      8. Комиссия 3-тен 9 адамға дейiнгі құрамда құрылады. Комиссияны Комиссия мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен сайланатын төраға басқарады, ол жұмысты жоспарлайды, Комиссия қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.

      9. Мынадай азаматтар Комиссия мүшелерi бола алмайды:
      1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
      2) қылмыс жасауда күдіктi немесе айыпталушы;
      3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың жұбайы немесе зайыбы, жақын туыстары;
      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
      5) сот әрекет етуге қабiлетсiз деп таныған адамдар.

      10. Комиссия мүшесiнiң өкiлеттiгi осы Ереженiң 9-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, сондай-ақ мына кезде тоқтатылады:
      1) Комиссия мүшесi өз өкілеттігін тапсыру туралы жазбаша өтiнiш берген;
      2) Комиссия мүшесi қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімi заңды күшіне енген;
      3) Комиссия мүшесiнiң кандидатурасын ұсынған қоғамдық бiрлестiк шешiм шығарған;
      4) Комиссия мүшесiнің кандидатурасын ұсынған қоғамдық бiрлестiк таратылған;
      5) Комиссия шешiм шығарған.
      Көрсетiлген жағдайлар орын алған кезде Комиссия мүшесi немесе Комиссия төрағасы қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органына хабарлайды.

      11. Қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органына Комиссияның дербес құрамы бекітілген және оның төрағасы сайланған бiрiншi отырысының хаттамасын ұсынуы Комиссия қызметiнiң басталуы болып табылады.

Об утверждении Правил образования областных (города республиканского значения, столицы) общественных наблюдательных комиссий

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2005 года N 924. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 925

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.11.2015 № 925 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 19-1 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Утвердить прилагаемые Правила образования областных (города республиканского значения, столицы) общественных наблюдательных комиссий.

     2. Настоящее постановление вводится в действие с момента подписания и подлежит опубликованию.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждены             
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 16 сентября 2005 года N 924   

Правила
образования областных (города республиканского
значения, столицы) общественных
наблюдательных комиссий

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан и определяют порядок образования областных (города республиканского значения, столицы) общественных наблюдательных комиссий.
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 09.11.2011 № 1313.

1. Общие положения

     1. Общественная наблюдательная комиссия (далее - Комиссия) создается для осуществления общественного контроля в целях обеспечения предусмотренных законодательством Республики Казахстан, общепризнанными принципами и нормами международного права, международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, прав и законных интересов лиц, содержащихся в исправительных учреждениях и следственных изоляторах.

     2. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами.

     3. Комиссия действует на основе добровольности, равноправия, самоуправления и законности.

     4. При осуществлении общественного контроля не допускается вмешательство в деятельность исправительных учреждений и следственных изоляторов, а также в оперативно-розыскную, уголовно-процессуальную деятельность и производство по делам об административных правонарушениях.

     5. Полномочия Комиссии определяются уголовно-исполнительным законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок образования Комиссии

     6. Комиссии создаются по инициативе общественного объединения, союзов (ассоциаций) общественных объединений, желающих осуществлять общественный контроль в целях оказания содействия лицам, содержащимся в исправительных учреждениях и следственных изоляторах в осуществлении их прав и законных интересов в части условий содержания медико-cанитарного обеспечения, организации труда, досуга и обучения, и оказывать содействие администрации исправительных учреждений и следственных изоляторов в целях создания условий для обеспечения прав, свобод и законных интересов лиц, содержащихся в исправительных учреждениях и следственных изоляторах. Комиссии не являются юридическими лицами.

     7. На территории области (города республиканского значения, столицы) создается и действует только одна областная (города республиканского значения, столицы) Комиссия. С целью обеспечения прав других общественных объединений, желающих участвовать в ее работе, инициаторы через средства массовой информации и иными способами информируют другие общественные объединения о создании Комиссии и предлагают принять участие в работе.

     8. Комиссия образуется в составе от 3-х до 9-ти человек. Возглавляет Комиссию председатель, избираемый большинством голосов членов Комиссии, который планирует работу, осуществляет руководство и контроль за деятельностью Комиссии.

     9. Членами Комиссии не могут быть граждане:
     1) имеющие непогашенную или не снятую судимость;
     2) подозреваемые или обвиняемые в совершении преступлений;
     3) супруги, близкие родственники лиц, содержащихся в исправительных учреждениях и следственных изоляторах;
     4) сотрудники правоохранительных органов;
     5) лица, признанные судом недееспособными.

     10. Полномочия члена Комиссии прекращаются при наступлении обстоятельств, предусмотренных пунктом 9 настоящих Правил, а также при:
     1) обращении члена Комиссии с письменным заявлением о сложении своих полномочий;
     2) смерти члена Комиссии или вступлении в законную силу решения суда об объявлении его умершим;
     3) решении общественного объединения, выдвинувшего кандидатуру члена Комиссии;
     4) ликвидации общественного объединения, выдвинувшего кандидатуру члена Комиссии;
     5) решении Комиссии.
     При наступлении указанных обстоятельств член Комиссии или председатель Комиссии информирует территориальный орган уголовно-исполнительной системы.

     11. Началом деятельности Комиссии является предоставление в территориальный орган уголовно-исполнительной системы протокола первого заседания, на котором утвержден персональный состав Комиссии и избран ее председатель.