Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 925 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы № 1069 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне салық салу мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгертулердiң 10-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 6-тармағы.
      4. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 және 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 644 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 187-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 302-құжат).
      7. «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 477-құжат).
      8. «Iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне медициналық қызмет көрсету ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 957 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 497-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 287-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 23 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 170-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 және «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1313 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 27-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады