Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне
көші-қон процестерін peттeу мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілiк құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат, N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; 2005 жылғы 4 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 19 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi Заңы ):
377-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"377-бап. Қазақстан Республикасында жеке басын куәландыратын
құжатсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігінсiз немесе жарамсыз жеке куәлiкпен, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша тіркеусiз тұруы немесе үш айдан астам мерзiмге уақытша келуi -
ескертуге немесе бір айлық есептік көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiк азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға берiлген рұқсатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсiз не жарамсыз тұруға берiлген құжатсыз, азаматтығы жоқ адамның куәлiкпен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруы -
5-тен 10 айлық eceптiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар; N 21-22, 285-құжат):
1) 4-бапта:
екінші бөлігі "үміткер адамның" деген сөздерден кейiн ", оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ КСР-інде туған не азаматтығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлігі "шетел азаматтары" деген сөздерден кейін "және азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар заңды тұлға құрусыз жеке және шағын кәсiпкерлік субъектілерi бола алмайды, сондай-ақ шағын кәсiпкерлік субъектісi - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып әрекет ете алмайды.";
3) 22-бапта екiнші бөлігінде:
e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"e) оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін" қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшін қажетті қаражатының бар-жоғын растауды ұсынбаған адамдар;";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртіншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Бұрын Қазақстан Республикасынан қуылып жiберiлген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға куып жiберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Шақырылған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың бұрын Қазақстан Республикасында болуға, тұруға, жүріп-тұруға, мекен-жайын өзгертуге және одан тыс жерлерге кетуге құқық беретiн құжаттарды тiркеудiң, ресiмдеудiң белгіленген тәртібiн сақтауды қамтамасыз етпеген жеке адамдар мен заңды тұлғалар тарапынан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтiнiштерi қаралмауы мүмкiн.".
3. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):
1) 4-бапта:
бiрiншi бөлігіндегі "берiледi" деген сөз "бepілуі мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігі "тұратын жерi бойынша" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1 бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру шарттары
Егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар заңды тұлға құрусыз жеке және шағын кәсiпкерлiк субъектілерi бола алмайды, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектісi - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып әрекет ете алмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар - орта кәсiпкерлік және iрi бизнес субъектілерi қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс пайызын құрауы тиіc.";
3) 8-бап алынып тасталсын;
4) 22-бапта:
екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және кету үшін қажетті қаражатының бар-жоғын растауды ұсынбаған адамдарға;";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Бұрын Қазақстан Республикасынан қуылып жiберiлген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қуып жiберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.";
5) 24-бапта:
тақырыбы "бас тарту" деген сөздерден кейiн "немесе күшін жою" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлікте:
"бас тартылуы" деген сөздерден кейін "не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "оралмандарды" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасында немесе Қазақ КСР-да туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен заңнамалық актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты өршітетiн адамдарға;
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсiздiгіне қарсы шығатын, оның аумағының бiрлiгі мен тұтастығын бұзуға шақыратын адамдарға;
9) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға. Бұл ретте, қылмыстың ауырлығы, соттылығының бар-жоғы немесе сотталмағаны Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруы рұқсат алу туралы өтініштi қозғау кезiнде өзі туралы жалған мәліметтер берген немесе қажетті құжаттарды тапсырмаған адамдарға;
11) Қазақстан Республикасынан бұрын қуылып жiберiлген адамдарға;
12) егер бұл Қазақстан Республикасының азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса.".
2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті