Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 72 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат, 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат):

      1) 42-баптың 6-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "жүз және одан да көп қатысушысы бар" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";

      3) 58-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
      Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
      Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
      Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.
      Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.";

      4) 88-бапта:
      "мөлшерi" деген сөз "ең төменгi мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мен азайту" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 139-бапта:
      1-тармақ "құқықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "және санаттары" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi.";

      7) 301-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      8) 303-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бағалы қағаздар кепiлi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат):

      1) 202-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу";

      бiрiншi абзацтағы "эмиссия" деген сөз "эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "эмиссиялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 202-1-баппен толықтырылсын:

      "202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының
                  ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер
                  беруi

      Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3) 204-баптың тақырыбы және бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының
                көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

      Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат, N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-140-құжаттар; N 24, 153-құжат, 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат):

      1) 168-2, 170, 171, 172-1 және 173-баптардағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;

      2) 170-1-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 174-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "дер кезiнде" деген сөздердiң алдынан "жүзеге асырмау, сол сияқты" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 191-баптың тақырыбы және бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне
                өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған
                құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -";

      5) 193-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында:
      "орналастыру" деген сөзден кейiн "және (немесе) өтеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(рұқсатты)" деген сөз алып тасталсын;

      6) 194-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы "жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "елуден екi жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 194-1 және 195-1-баптармен толықтырылсын:

      "194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу

      Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
                  мақсатында мәмiлелер жасасу

      Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша
                құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу

      Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:

      "196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
                  шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары
                  мен тәртiбiн бұзуы

      Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -
      лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 197-баптың тақырыбында және бiрiншi абзацында "орналастыру және өтеу" деген сөздер "орналастыру және (немесе) өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 199-баптың бiрiншi абзацындағы "баспа басылымдарында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 573-бапта:
      тақырыбындағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;

      бiрiншi бөлiкте:
      "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;

      "88 (бiрiншi бөлiк)" деген сөздерден кейiн ", 139 (бiрiншi бөлiк)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "170," деген цифрдан кейiн "170-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "193," деген цифрдан кейiн "194-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "195," деген цифрдан кейiн "195-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "196," деген цифрдан кейiн "196-1, 197-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;

      13) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма үшiншi абзацы (167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздерден кейiн ", 184" деген цифрмен толықтырылсын.

      4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 196, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар, 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      11-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) депозитарийлiк қызметтi қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет;".

      5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      14-бапта:
      үшiншi бөлiкте "жабық" деген саз алып тасталсын;

      төртiншi бөлiкте "Шаруашылық серiктестерiн, жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесi бойынша" деген сөздер "Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996  ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар, N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) 3-баптың 5-тармағында:
      бiрiншi абзацтағы "акциялардың" деген сөз "орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) тармақшасындағы "акцияларының (қатысушылар салымдарының) елу процентiнен" деген сөздер "орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-бапта:
      1-тармақтағы "жарғылық капиталдарына қатысуға" деген сөздер "жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) банктердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг берушi ұйымдардың, сондай-ақ акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алуға (бiр эмитенттiң орналастырылған акциялары жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде);";

      а-1) тармақшасы алып тасталсын;

      б) тармақшасындағы "жарғылық капиталына банктердiң қатысуына" деген сөздер "акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн банктердiң сатып алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) және г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдардың акцияларын банктердiң сатып алуына;
      г) заңды тұлғалардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес банктердiң меншiгiне ауысқан жағдайларда, осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн банктердiң сатып алуына (бұрын кепiлге қабылданған акциялардың банктiң меншiгiне ауысуы арқылы банк сатып алған акциялардың құны банктiң өз капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, бұл ретте оларды өткiзу мерзiмi бiр жылдан аспауға тиiс);"

      е) тармақшасындағы "қолданылмайды" деген сөз алып тасталып, е-1) тармақшасындағы "асыру" деген сөз "асыруға қолданылмайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банк сатып алған акциялардың не бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң құны, осы тармақтың г) тармақшасында көрсетiлген жағдайды қоспағанда, банктiң өз капиталының он процентiнен аспауға тиiс.";

      3) 9-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "жарғылық капиталының" деген сөздер "орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру";

      6) 16-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.";

      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Банктiң құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар" деген сөздер "Заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылып, "акцияларын" деген сөзден кейiн "олар орналастырылған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "оның акционерлерiнiң банктiң жарғылық капиталындағы үлестерiн (акцияларын)" деген сөздер "оның акционерлерiнiң акцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 17-бапта:
      2-тармақтағы "Жарғылық капиталының" деген сөздер "Жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "(акционерлердiң үлесiн)" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды" деген сөздер "дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған "билiк ете алмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      6-тармақтағы "акцияларының" деген сөз "дауыс беретiн акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "Банктiң жарғылық капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысатын" деген сөздер "Тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 17-1-бапта:
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "дауыс берушi" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi абзацтағы "банктiң дауыс берушi" деген сөздер "банк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi абзацтағы "дауыс берушi" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi абзацтағы "банктiң дауыс берушi" деген сөздер "банк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 19-баптың 3-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң в) тармақшасындағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 21-бапта:
      1-тармақта:
      "оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы" деген сөздер "оның басқа банктердiң акцияларын және басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерiн иеленуi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      "тұлға қатысқан" деген сөздерден кейiн "не акцияларын резидент емес жеке немесе заңды тұлға иеленетiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      "Банктiң дауыс беретiн" деген сөз "Банк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жарғылық капиталына осы қатысуы" деген сөздер "акцияларын осы сатып алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 3-тараудың тақырыбы алып тасталсын;

      12) 30-бапта:
      3-тармақтың е) тармақшасындағы "эмиссиялау" деген сөз "шығару" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "жарғылық капиталына қатысушы" деген сөздер "акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн иеленетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-1-бап. Банктiң аффилиирленген тұлғаларының есептiлiгi

      1. Банктiң заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күннiң iшiнде уәкiлеттi органға жыл сайын қаржылық есептiлiк табыс етуге тиiс.
      2. Банктiң жеке тұлға болып табылатын iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күннiң iшiнде уәкiлеттi органға кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтерден құралатын, сондай-ақ:
      1) оның басқа тұлғалармен бiрлесiп өз араларындағы шартқа орай не өзге де тәсiлмен банк қабылдайтын шешiмдерге ықпал етуi туралы, оның iшiнде мұндай ықпал ету мүмкiндiгiн айқындайтын өкiлеттiктер берудiң сипаттамасы қамтылатын;
      2) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзiне тиесiлi үлестерiн (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзiнiң атқаратын лауазымдары туралы;
      3) алынған қарыздар есебiнен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзiне тиесiлi үлестерiн (акцияларды) сатып алуы туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы мәлiметтерден құралатын ақпаратты қамтитын, бiрақ бұлармен шектелмей, есептiлiк табыс етуге тиiс.
      Есептiлiк табыс етудiң тәртiбi мен оның нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      3. Банк холдингi уәкiлеттi органға:
      1) есептi тоқсаннан кейiнгi қырық бес күн iшiнде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептiліктi және оған түсiндiрме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күн iшiнде, аудитор куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және оған түсiндiрме жазбаны табыс етуге тиiс.
      4. Банктiң заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысының жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбада, сондай-ақ банк холдингiнiң тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептiлiгiне түсiндiрме жазбаларда мыналар:
      1) iрi қатысушының (банк холдингiнiң) қызмет түрлерiнiң сипаттамасы;
      2) iрi қатысушы (банк холдингi) қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиесiлi акцияларының саны), қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы, iрi қатысушы (банк холдингi) iрi қатысушысы (iрi акционерi) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептiлiгi;
      3) банктiң iрi қатысушысының (банк холдингiнiң) iрi қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесiнiң мөлшерi (оған тиесiлi акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаттамасы және қаржылық есептiлiгi қамтылатын, бiрақ бұлармен шектелмейтiн ақпарат көрсетiлуге тиiс.".

      7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2005 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 23 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;";

      2) 40-бапта:
      2-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғаны белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiнгi бiр жылдан аспайтын кезеңде, бұрын атқарушы органның бiрiншi басшысы, атқарушы орган басшысының орынбасары, заңды тұлғаның бас бухгалтерi болған адам басшы қызметкер бола алмайды. Аталған талап заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тарату немесе банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл iшiнде қолданылады;";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Уәкілетті органның келісімін алғанға дейін жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.";

      3) 42-баптың 1-1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп жағдай) бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;";

      4) 53-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.";

      5) 55-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы ", сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар" деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      1) 12-баптың 2-тармағындағы:
      "құрылтайшылары" деген сөз "қатысушылары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "құжаттарымен осы Заңда" деген сөздер "құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-1-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын
                 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу
                 және қызмет ету ерекшелiктерi

      1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы.
      Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
      Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.";

      3) 17-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      2) тармақшадағы "(қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлiк қоғамнан қайта құрылған серiктестiктердi қоспағанда)" деген сөздер "(серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "ережелерi болуға тиiс" деген сөздер "ережелерi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi болуға тиiс.";

      4) 19-баптың 4-1-тармағының бiрiншi абзацындағы "Акционерлерi жүз және одан да көп" деген сөздер "Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 22-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке жаңа қатысушыны қабылдау серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiне жазба енгiзу жолымен ресiмделеді.";

      6) 32-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына қатысу үлесiн қатысушының сату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында және серiктестiктiң жарғысында белгiленеді.";

      7) 46-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Қатысушылар саны жүзден аз, қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыс ашылатын күнге он бес күн қалғанда әрбiр серiктестiкке қатысушыға оның өткiзiлуi жөнiнде серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнде көрсетiлген мекен-жай бойынша жазбаша хабарлауға мiндеттi.".

      9. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж.; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат):

      4-баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "халықтық" деген сөз алып тасталсын.

      10. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      1) 21-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгіндегi "Жарғылық капиталының" деген сөздер "Жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не жарғылық капиталға қатысу үлесiн не акцияларын оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы иеленетiн және (немесе) пайдаланатын және (немесе) билiк ететiн заңды тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы бола алмайды.";

      2) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "тексеру комиссиясы" деген сөздер "iшкi аудит қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.";

      2-тармақтағы "орнықты инвесторларға" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтерi есебiнен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 27-бапта:
      2-тармақтағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "6)" деген цифр "6-1)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) 35-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi абзацтағы "дауыс беретiн" деген сөздер "орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "акцияларының (қатысушылар салымдарының)" деген сөздер "жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 37-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "жарғылық капиталына қатысуына" деген сөздер "жарғылық капиталына қатысу үлесiн не акцияларын сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтығы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталының он процентiнен асатын мөлшерде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн не жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталының он процентiнен асатын акцияларды сатып алуына тыйым салынады, бұған:
      1) басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлесiн не акцияларын сатып алу;
      2) акциялары листингтен өткен және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына жiберiлген эмитенттердiң акцияларын бiр эмитенттiң орналастырылған акциялары жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде сатып алу жағдайлары қосылмайды.".

      11. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат):

      1) 1-бапта:
      2) тармақша "алу құқығын" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тiзбесi осы Заңның 64-бабында белгiленедi;
      4) дауыс беретiн акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берiлген артықшылықты акциялар. Дауыс беретiн акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ нақтылы ұстаудағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ меншiк иесiне тиесiлi акциялар кiрмейдi;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қоғамды корпоративтiк басқару кодексi - қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлетiн, қоғамды басқару барысында туындайтын қатынастарды, соның iшiнде қоғамның акционерлерi мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделi тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтiн құжат;";

      9) тармақшадағы "акционерлiк қоғамның жарғысында көзделетiн және" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "(халықтық қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;

      11) тармақшада:
      "жалпы" деген сөз алып тасталсын;

      "мүшелерiнiң" деген сөздiң алдынан "сайланатын" деген сөзбен толықтырылсын;

      "директорлар кеңесi" деген сөздер "қоғам органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) акцияның нақтылы құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлiк қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) айқындалатын бiрыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейдi);";

      14) тармақшадағы "қоғамның жарғысында көзделiп," деген сөздер алып тасталсын;

      15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

      18) тармақша "рыногында" деген сөзден кейiн "құрылтайшылар және" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) тармақшадағы "тiзiлiмiн" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бап алып тасталсын;

      3) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;";

      4) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;";

      5) 9-бапта:
      1-тармақта:
      екіншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс.";

      мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.";

      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша "қоғамның" деген сөздiң алдынан "қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi";

      3-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "акционердiң" деген сөз "мүдделi тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.";

      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы

      1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.
      Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
      2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
      3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.";

      7) 13-бапта:
      4-тармақта:
      1) тармақша "Шектеу қою үшiн" деген сөздерден кейiн "орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "алуға қатыспайтын" деген сөздерден кейiн "бiр" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "тiзiлiмiн" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
      Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.";

      10) 17-бап алып тасталсын;

      11) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру

      1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
      Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.
      Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сату арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қоғамның жазылу арқылы орналастырылатын акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрыңғай орналастыру бағасы бойынша сатуға жатады.
      3. Қоғамның акцияларын ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында не ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн аукцион арқылы орналастырған кезде акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшiн белгiлеген акцияларды орналастыру бағасы сауда-саттықтың (аукционның) ең төменгi бағасы болып табылады.
      4. Қоғамның жарияланған акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi органы орналастырылатын акциялардың санын және (немесе) орналастыру бағасын өзгерту туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл орналастыру осы Заңның 16-бабы 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.";

      12) 19-бапта:
      тақырыбындағы "тізілімі" деген сөз "тізілімдер жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "тізілімін жасауды, жүргізуді және сақтауды" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "тiзiлiмiн жасау, жүргiзу және сақтау" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тiзiлiмiн жасау, жүргiзу және сақтау" деген сөздер "тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      "сатып алушының" деген сөздерден кейiн "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      "тiзiлiмiндегi" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiндегi (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 22-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.";

      5-тармақта:
      "төлеу", "төлеуге" деген сөздер тиiсiнше "есептеу", "есептеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      14) 23-бапта:
      1-тармақтың үшiншi бөлiгiнде:
      "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "он күн" деген сөздер "он жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 24-баптың 3-тармағындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 25-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 26-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Орналастырылған акцияларды сатып алу қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен, қоғамның акцияны сатып алуы кезiнде оның құнын айқындаудың акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесiне сәйкес, оларды кейiннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттарда жүргiзiлуi мүмкiн.";

      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiгi "акцияларының саны" деген сөздерден кейiн "акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "қоғамның сатып алуы мүмкiн" деген сөздер "қоғам сатып алуға жариялаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
      2) осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
      3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "жалпы жиналысы" деген сөздерден кейiн "немесе директорлар кеңесi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленген бағамен" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 29-бап алып тасталсын;

      20) 31-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      "бағалы қағаздардың жалпы саны" деген сөздер "акциялардың жалпы саны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бағалы қағаздардың қайталама рыногында" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 32-баптың 3-тармағындағы "ұстаушылар тiзiлiмiнде" және 7-тармағындағы "ұстаушылар тiзiлiмiне" деген сөздер "ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 33-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы екiншi сөйлем алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметшiсi" деген сөздер "мемлекеттiк қызметшi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 35-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "тiзiлiмi" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 36-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;";

      10) тармақшадағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      13) тармақшадағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына" деген сөздер "осы Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) тармақшадағы "баспасөз басылымын" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 39-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      "жалпы жиналысына қатысуға" деген сөздерден кейiн "және онда дауыс беруге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тiзiлiмiндегi" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "құқығы бар акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген тұлға тiзiм жасалғаннан кейiн" деген сөздер "және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 41-бапта:
      1-тармақтағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей)" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) акционердiң ("алтын акция" иесiнiң) назарына оған жазбаша хабарлама жiберу арқылы жеткiзiлуге тиiс.
      Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдердi есептеу акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен не акционерлерге ("алтын акция" иесiне) жазбаша хабарлама жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi.
      Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде жарияланған жағдайда осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдердi есептеу осындай жарияланымдардың соңғысы жарияланған күннен бастап жүргізіледі.";

      27) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, жиналыс күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.";

      28) 47-баптың 1-тармағының екiншi абзацындағы "лауазымды адамдарының" деген сөздер "атқарушы органы мүшелерiнiң (атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 49-баптың 4-тармағындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 51-баптың 6-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 52-баптың 3-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;

      32) 53-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жарияланған акциялардың саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;";

      4) тармақша "сатып алуы" деген сөздерден кейiн "және оларды сатып алу бағасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тiзбесi осы баптың 2-тармағында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне беруге болмайды.";

      33) 54-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесi мүшелерi санының кемiнде үштен бiрi тәуелсiз директорлар болуға тиiс.";

      34) 55-баптың 5-тармағында:
      "дауыс беретiн акциялардың жалпы санының жай көпшiлiк даусымен" деген сөздер "кумулятивтiк дауыс берумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "осы мүшелерiнiң" деген сөздер "жаңадан сайланған мүшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Директорлар кеңесiнiң отырысы көрсетiлген талапты қойған тұлғаны мiндеттi түрде шақыра отырып өткiзiледi.";

      36) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қоғам жарғысында және (немесе) қоғамның iшкi құжаттарында директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша директорлар кеңесiнiң сырттай дауыс беру арқылы шешiмдер қабылдау мүмкiндiгi және осындай шешiмдердi қабылдау тәртiбi көзделуi мүмкiн.
      Белгiленген мерзiмде алынған бюллетеньдерде кворум болған ретте шешiм сырттай дауыс беру арқылы қабылданды деп танылады.
      Директорлар кеңесiнiң сырттай отырысының шешiмi жазбаша түрде ресiмделуге және оған директорлар кеңесiнiң хатшысы мен төрағасының қолы қойылуға тиiс.
      Шешiм ресiмделген күннен бастап жиырма күн iшiнде директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жiберiлуге тиiс, оған осы шешiмдi қабылдауға негiз болған бюллетеньдер қоса тiркеледi.";

      37) 60-баптың 4) тармақшасындағы "атқарушы органның мүшелерi болып табылатын қызметкерлердi" деген сөздер "осы Заңда белгіленген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 61-баптың 1-тармағындағы "мүшелерiнiң саны кемiнде үшеу болатын" деген сөздер алып тасталсын;

      39) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) iрi акционер;
      2) қоғамның iрi акционерi не лауазымды тұлғасы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ұлы, қызы), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып келетiн жеке адам;
      3) қоғамның немесе осы тармақтың 1), 4)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
      4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
      5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
      6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
      7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
      8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
      9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп қоғамның не осы тармақтың 1), 4)-8) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
      10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.";

      40) 65-бап алып тасталсын;

      41) 66-бапта:
      1-тармақтағы "Өзара аффилиирленген тұлғалардың" деген сөздер "Аффилиирленген тұлғаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.";

      42) 67-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
      Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртiбi жарғымен белгiленедi.";

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген" деген сөздер "ол белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 68-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада:
      "айыратын" деген сөз "шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(халықтық акционерлiк қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;

      2)тармақшада:
      "(халықтық акционерлiк қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;

      "немесе орналастырылған" деген сөздерден кейiн "бiр түрдегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "сол тұлғаның аффилиирленген тұлғаларымен" деген сөздер "өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-бап. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы

      1. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
      Қоғам кредиторлар мен акционерлерге хабарлау мақсатында директорлар кеңесi қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн бес күн iшiнде мәмiле туралы хабарламаны мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.
      2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртiбi белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
      3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.";

      45) 71-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы ", сондай-ақ солардың аффилиирленген тұлғалары" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мынадай мәмiлелер:
      1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөнiндегi мәмiле;
      2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөнiндегi мәмiле;
      3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
      4) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмiлесi жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.";

      46) 72-баптың 2) тармақшасындағы "немесе халықтық акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп процентiн" деген сөздер алып тасталсын;

      47) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-бап. Мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi
               жасасу тәртібіне қойылатын талаптар

      1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
      2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
      1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
      2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
      3. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мен жай акцияларды иеленетiн барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретiн акциялары жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
      Бұл орайда акционерлердiң жалпы жиналысына негiзделген шешiм қабылдауға қажеттi ақпарат (құжаттармен қоса) берiледi.
      4. Қоғамның жарғысында мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелердiң жекелеген түрлерiн жасасудың өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн.";

      48) 76-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.";

      4-тармақта:
      "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен, "жылдық қаржылық есептiлiктi" деген сөздер "бухгалтерлiк балансты, капиталдағы барлық өзгерiстердi көрсететiн есептi, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қоғам өзге қаржылық есептiлiктi қосымша жариялауға құқылы.";

      49) 77-бап алып тасталсын;

      50) 78-баптың 2-тармағы "жүргiзiледi" деген сөзден кейiн ", бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;

      51) 79-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасының екiншi бөлiгiндегi "(халықтық акционерлiк қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      52) 81-баптың 3-тармағындағы "жарияланған, соның iшiнде орналастырылған акцияларының" деген сөздер "акциялары шығарылымының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 82-85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-бап. Қоғамдардың бiрiгуi

      1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
      2. Қоғамдардың бiрiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
      3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
      1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
      2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
      4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
      5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
      1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекiту туралы ереже;
      2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
      6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
      Өткiзу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады.
      7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi қоса тiркеледi.

      83-бап. Қоғамның қосылуы

      1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізiнде және өткiзу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.
      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткiзу) бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткiзу) арқылы оның акцияларын сатып алады.
      Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал қосылатын қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткiзу актiсiне сәйкес қосылу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.
      2. Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қосылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.
      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
      3. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, қосылатын қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.
      Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.
      4. Қосылу туралы шешiм қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.
      Акционерлердiң бiрлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешiмiнде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, қосылудың өзге де талаптары мен тәртiбi болуға тиiс.
      5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi.

      84-бап. Қоғамның бөлiнуi

      1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
      Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.
      2. Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.
      Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
      3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.
      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тіркеледi.

      85-бап. Қоғамның бөлiнiп шығуы

      1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
      Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.
      Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
      2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
      Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      3. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады (өткiзедi), бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
      5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.";

      54) 86-бапта:
      2-тармақта "қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестiгiне қатысушылардың салымдарына немесе өндiрiстік кооператив мүшелерiнiң пайларына айырбастау" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын және "қарауына енгізедi." деген сөздерден кейiн "Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады." деген сөйлеммен толықтырылсын;

      3-тармақтағы "қоғамның акцияларын шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың салымдарына немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларына айырбастау" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 88-баптың 3-тармағының үшiнші бөлiгiндегi "Тарату" деген сөз "Ерiктi тарату кезiнде тарату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 89-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      екiншi бөлiк "мүлiк" деген сөзден кейiн ", осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      57) 90-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.
      2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы.";

      3-тармақтағы "тiзiлiмiн жүргiзу" деген сөздер "тiзiлiмдер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      12. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" деген сөздер тиiсiнше "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;";

      "14-1) депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
      14-2) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор;";

      19) тармақшадағы "ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгiлеудi ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы" деген сөздер "ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "26-1) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;";

      28) тармақшадағы "активтермен" деген сөз "активтер кепiлiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39), 42) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "39) листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу, оған енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;";

      "42) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi;";

      "44) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;";

      45) тармақшадағы "қаржы құралдарымен", "мәмiле объектiсiне және оның қатысушыларына" деген сөздер алып тасталсын;

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "47) бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу;";

      48) тармақшадағы "кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өзге де тәсiлдермен" деген сөздер "банк кепiлдiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "52) опцион - шарт, оған сәйкес бiр тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бiр санын осы шартта келiсiлген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн;";

      55) тармақша алып тасталсын;

      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "63) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi қоспағанда) заңды тұлға;";

      64) тармақшадағы "өтiнiш игерушi мен" деген сөздер алып тасталсын;

      65) тармақшадағы "инвесторларға" деген сөз алып тасталсын;

      74) тармақшадағы "жасалып, бекiтiлген" деген сөздер "жасалған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      84), 87) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "84) фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.";

      "87) орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;";

      "90) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.";

      3) 3-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша "лицензиаттардың" деген сөздiң алдынан "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) тармақша "лицензиаттардың" деген сөздiң алдынан "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      19) тармақшада:
      "эмитенттердiң" деген сөзден кейiн "орталық депозитарийдiң және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлайтын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1) - 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;
      19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;
      19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;";

      4) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;";

      5) 5-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      6) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы "проспектiсiн" деген сөзден кейiн "(айналыс мерзiмi үш айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 9-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;

      8) тармақшадағы "(санаты)" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақтағы "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Эмитент осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда, акциялар шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен тiркеу үшiн олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрi өзгерген кезде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстырады. Уәкiлеттi орган жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды) күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жүзеге асырады.";

      8) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.
      Акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды:
      1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеген күннен бастап;
      2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге құқылы емес.
      Уәкiлеттi орган:
      1) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн құжаттарды бермеген;
      2) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлiк қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкiлеттi орган барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi (есептердi) бекiткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.";

      9) 12-баптың 1-тармағында:
      7) тармақшадағы "ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген" деген сөздер "банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "баспасөз басылымы" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 22-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi "рыногында" деген сөзден кейiн "аукцион немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "баспасөз басылымдарында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы
                 қағаздарды шығарудың және орналастырудың шарттары
                 мен тәртiбi

      1. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентi уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының осы резидентi бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген болса;
      2) шығарылымын уәкiлеттi орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде:
      осы облигациялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс;
      осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек;
      3) шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде:
      осы облигациялар бойынша оларды қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзуге қор биржасының келiсiмi алынуға тиiс;
      осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталуымен бiр мезгiлде олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек;
      4) акцияларды орналастыру кезiнде:
      осы акциялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс;
      осы акцияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма процентi Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс болған акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма процентiнен кем болуы мүмкiн;
      5) акционерлiк қоғамның бастамасымен немесе қатысуымен шығарылатын және осы акционерлiк қоғамның акциялары олардың базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде осы акциялар қор биржасының тiзiмiне листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша енгiзiлуге тиiс.
      2. Ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес облигацияларды немесе туынды бағалы қағаздарды шығаруы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.
      3. Ұйымға - Қазақстан Республикасының резидентiне шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға немесе орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарты мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.";

      12) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.";

      13) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Уәкiлеттi орган:
      1) эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.";

      3-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
      Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.";

      16) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Сот не атқарушы iс жүргiзу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.";

      5-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Туынды бағалы қағаздар айналысы";

      18) 33-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу
               талаптары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.";

      19) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы
               резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары
               базалық активi болып табылатын депозитарийлiк
               қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару

      1. Эмитент не эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлайтын өзге де тұлға шығарылым туралы уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi.
      2. Эмитент не эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырған өзге де тұлға орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
      3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесiнде орталық депозитарийге депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртiбi болуға тиiс.";

      20) 36-баптың 5-тармағындағы "құқылы" деген сөз "мiндеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 41-баптың 2) тармақшасы "тiркелген тұлғалар" деген сөздердiң алдынан "эмитенттiң iрi акционерлерi мен оларға тиесiлi акциялардың саны туралы эмитентке берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 43-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне берiлуі мүмкiн.
      Нақтылы ұстаушының коммерциялық құпияны құрайтын клиенттерi туралы мәлiметтерді табыс ету тәртiбi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде айқындалады.";

      3-тармақтың 6) тармақшасындағы "эмитенттiң немесе лицензиаттың қызметiне тексеру жүргiзу процесiнде" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 45-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) брокерлiк;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) дилерлiк;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:
      "7" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;

      "аталған қызмет" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ депозитарийлiк қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      "Клиенттердiң" деген сөзден кейiн "(депоненттердiң)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "лицензиаттар" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарий" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      24) 46-баптың 2-тармағындағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;

      25) 48-бапта:
      1-тармақтың 3), 4) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн жеке адамдарды оқыту, оларға аттестация жүргiзу" деген сөздер "Жеке адамдарды аттестаттаудан өткiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 49-баптың тақырыбындағы, 1 және 3-тармақтарындағы "Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың)", "Өтiнiш берушi (лицензиат)", "өтiнiш берушi (лицензиат)" деген сөздер тиiсiнше "Лицензиаттың", "Лицензиат", "лицензиат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 51-бапта:
      1-тармақтың 4) - 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарын бұзған;
      5) уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған;
      6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
      7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
      8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға табыс ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
      9) лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкiлеттi орган:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
      2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылған;
      3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған жағдайларда;
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензияны қайтарып алуға құқылы.";

      28) 52-бапта:
      1-тармақ "Лицензиаттар" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарий" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ "Лицензиаттардың" деген сөзден кейiн "және орталық депозитарийдiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне оның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысандарда және мерзiмдерде статистикалық есептiлiк берiп отыруға мiндетті.";

      29) 54-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы ", ал басқа басшы қызметкерлердiң кем дегенде екi жыл" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкердiң мiндетiн атқаруға құқылы емес.";

      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      30) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Жосықсыз мiнез-құлыққа тыйым салу.
               Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау

      1. Лицензиаттың:
      1) басқа лицензиаттарға және инвесторларға бағалы қағаздар рыногында олардың әрекетiн өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуiне;
      2) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйектемесiз мәлiметтер таратуына тыйым салынады.
      2. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмiленi жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген жауаптылықта болады.
      Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiленi мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.
      3. Мынадай мәмiлелер:
      1) бес жұмыс күнi iшiнде жасалған, орындалуы осы мәмiле тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулi өзгеруiне әкеп соқпаған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлелерi (мәмiле тараптарындағы бағалы қағаздардың алғашқы санының он процентi шегiнен аспайтын айырмашылық бағалы қағаздар санының елеулi өзгерiсi деп танылады);
      2) клиент екi немесе одан да көп брокерге беретiн бiр шығарылымдағы бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қарама-қарсы бұйрықтар негізінде жасалған мәміле не бірнеше мәмiле;
      3) осы бағалы қағаздардың мұндай мәмiле жасалғанға дейiн бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан бағаларынан айтарлықтай өзгеше, алдын ала келiсiлген баға бойынша жасалатын мәмiле;
      4) бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi үшiн қол жетпейтiн және қызметтiк жағдайына, жасалған шартқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуына, акцияларды иеленуiне және өзге де жағдайларға орай өзiне белгiлi болған, бағалы қағаздарға баға қалыптастыруға әсер ете алатын ақпаратты (инсайдерлiк ақпаратты) иеленушi тұлға жасаған мәмiлелер бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiлелер деп танылады.
      4. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi бағалармен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiле деп тану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсінде және сауда-саттықты ұйымдастырушының (егер мұндай мәмiле оның сауда жүйесiнде жасалған болса) iшкi құжаттарында белгiленедi.";

      31) 57-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi "орталық" деген сөздiң алдынан "клиенттiң қосалқы шот ашу үшiн қажет барлық деректемелерiн ашып көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 60-баптың 3-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы алып тасталсын;

      33) 61-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiктегi "Орталық депозитарийде осы клиенттi бiрдейлендiруге қажеттi мәлiметтер болған жағдайда," деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi бөлiктегi "және санаты" деген сөздер алып тасталсын;

      34) 62-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      "тiркеушi мен орталық депозитарийдiң" деген сөздер "тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң және эмитенттiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "олардың арасында нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өздерi жөнiндегi мәлiметтердi ашу құқықтарын бермеген клиенттер туралы мәлiметтердi қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      35) 63-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi
               жүзеге асыру тәртiбi

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.";

      36) 65-баптың 2-тармағындағы "(халықтық акционерлiк қоғамда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;

      37) 66-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;";

      38) 67-бапта:
      1-тармақтың екiншi сөйлемiнде:
      "қатысуға," деген сөз "қатысуға және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және шарттың қолданылу кезеңiнде эмитенттiң мүддесiн бiлдiруге" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.";

      39) 68-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тiркеушi лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе ол керi қайтарып алынған жағдайда тiркеушi шартты бұзудың бастамашысы деп танылады.";

      40) 78-бапта:
      1-тармақта ", сауда-саттықты ұйымдастырушылар" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мына тұлғалар:
      1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар орталық депозитарийдiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.";

      41) 79-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Орталық депозитарийдiң басшы қызметкерлерi осы Заңның 54-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.";

      42) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

      1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
      1) депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;
      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
      4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi.
      2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
      1) брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
      2) қаржы құралдарын өтеу кезiнде олар бойынша кiрiстi төлеу жөнiндегi төлем агентiнiң функцияларын орындауды;
      3) депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды;
      4) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша қаржы құралдарымен де, ақшамен де клирингтi жүзеге асырады.
      3. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзуге құқылы.
      4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
      Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi.";

      43) 87-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      44) 89-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Акциялары қор биржасының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.";

      45) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi

      Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.";

      46) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн заңды тұлғаға бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыратын барлық лицензиаттардың жартысынан астамы осы заңды тұлғаның мүшелерi екенiн растайтын құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган бередi.
      Заңды тұлға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiнен айрылады.
      Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленеді.";

      47) 93-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;

      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;";

      "6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы өтiнiштер жiберу;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.";

      48) 94-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "және (немесе) қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды" деген сөздер алып тасталсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
      Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.";

      49) 95 және 96-баптар алып тасталсын;

      50) 100-баптың 1-тармағындағы "тәртiптiк" деген сөз алып тасталсын;

      51) 101-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52) 102-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "(халықтық акционерлiк қоғам үшiн - акциялардың бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "(халықтық акционерлiк қоғам акцияларының бес және одан да көп процентiн)" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 104-баптың 2-тармағындағы "және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес өзге де қолжетiмдiлiк" деген сөздер "және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54) 106-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының сауалы бойынша бағалы қағазды ұстаушылар туралы;";

      55) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы
                Ұлттық Банкiнiң ақпарат алу құқығы

      Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ол эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      Осы Заңда белгiленген, жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сауалы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат бередi.
      Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық жағдайды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы.";

      56) 108-бапта:
      1-тармақта "және мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуге оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта:
      5) тармақшадағы "орналастыру немесе" деген сөздер "орналастыру және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "болуы негiздеме болып табылады" деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактiлерi негiздеме болып табылады.";

      57) 110-бапта:
      3) тармақшадағы "орналастыру немесе" деген сөздер "орналастыру және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      58) мынадай мазмұндағы 113-1-баппен толықтырылсын:

      "113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа
                  енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк
                  қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк
                  тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы
                  жасалмады деп танудың салдарлары

      1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
      2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.".

       2-бап.  Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады