Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлеріне
заңсыз жолмен алынған кiрістердi заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжаттар; N 19, 370-құжаттар; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат, N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж. N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж. N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат):
156-баптың 4-тармағы "ережелерiнде" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингінiң уәкiлеттi органына ұсынылатын мәлiметтерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат):
830-баптың 5-тармағында:
3) тармақша "сот ұйғарымы" деген сөздерден кейiн "немесе қаулы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қаржы мониторингінiң уәкілеттi органына - Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртiппен;".
3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 168-3-баппен толықтырылсын:
"168-3-бап. Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған
кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
заң актiлерiнiң бұзылуы
1. Қаржы мониторингі субъектiлерiнiң қаржы мониторингiне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тiркеу, сақтау және ұсыну бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актiлерiн бұзуы, -
лауазымды адамға екі жүзден екі жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі айлық есептiк айырысу көрсеткіштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қаржы мониторингі субъектілерiнің iшкi бақылау ережелерiн және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу жөнiнде мiндеттердi орындамауы, -
лауазымды адамға екі жүз жиырмадан екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - сегiз жүзден тоғыз жүзге дейiнгі айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы мониторингi субъектілерi лауазымды адамдарының қаржы мониторингінің уәкілетті органына берiлген ақпараты туралы өз клиенттерi мен өзге тұлғаларды хабардар етуi, -
айлық есептік көрсеткiштiң бір жүз қырықтан бір жүз елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi-үшіншi бөлiмдерiнде көзделген әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайтадан жасаған сол әрекеттерi үшін, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынады, заңды тұлғаға - бір мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде белгілi бір қызметке арналған лицензиясының әрекетiн алты айға дейінгі мерзiмге немесе заңды тұлғаның әрекетiн сол мерзiмге тоқтата отырып.
2) 541-баптың бiрiншi бөлiгi "168-1" деген сандардан кейiн "168-3" (төртiншi бөлмеде)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 571-2-баппен толықтырылсын:
"571-2-бап. Қаржы мониторингінің уәкілетті органы
1. Қаржы мониторингінiң уәкілетті органы осы Кодекстің 168-3-бабында (бiрiншi-үшінші бөлiктерiнде) көзделген әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшілік жаза қолдануға қаржы мониторингі органының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.";
4) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қаржы мониторингінiң уәкілеттi органы (168-3-бабы (бiрiншi бөлiмi), 356.".
4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат):
518-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингінiң уәкілетті органына ұсынылатын;".
5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат):
398-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингiнің уәкілетті органына құжаттар мен мәліметтердi ұсыну;".
6. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне N 548-ІІ (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат):
50-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакциядағы бөлiкпен толықтырылсын:
"қаржы мониторингін жүзеге асыру;".
7. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат, N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат):
22-баптың 1-тармағының 3)-тармақшасындағы "лицензиар" деген сөзден кейiн "немесе сот" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар):
1) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакциядағы з-1)тармақшамен толықтырылсын:
"з-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген талаптарды үнемi (қатарынан он екi күнтізбелiк айнамалық ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;";
2) 50-баптың 4-тармағының 2-бөлігі "Банктердiң" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі уәкілетті органының қаржы мониторингіне жататын операциялары туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 51-баптағы:
1-тармақтың екінші бөлiгі: "жағдайларда" деген сөзден кейiн "сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген жағдайларда," сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакциядағы 3-бөлiкпен толықтырылсын:
"Жеке тұлғаның банктiк шоттарындағы шығыс операциялары Қазақстан Республикасы заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген жағдайларда уақытша тоқтатылуы мүмкін.".
9. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асырады";
2) 9-бап "мамандандырылған прокуратуралар" сөздерден кейiн ", сондай-ақ комитеттер және олардың аумақтық бөлiмшелерi" сөздермен толықтырылсын;
3) 10-бапта:
тақырыбында "және оның орынбасарлары" деген сөздерi ", оның орынбасарлары және комитет төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "мен орынбасарларын" сөздер ", орынбасарларын және комитет төрағаларын" сөзбен ауыстырылсын;
3-тармағы "тиiстi" сөзден кейiн "комитеттердің" сөзбен толықтырылсын;
4) 11-бапта:
4-1)-тармақ мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:
"қаржы мониторингінiң барлық субъектілерi үшiн мiндеттi қаржы мониторингiнің мәселелерi бойынша;";
7)-тармағы "комитеттердің төрағаларының орынбасарларын," деген сөздермен басталсын;
5) 57-баптың 3-тармағындағы "қазақ және орыс тілдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде" деген сөздерi "мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрлерi, бюджеттiң орындалуы бойынша орталық өкiлетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат):
1) 42-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген талаптарды үнемi (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан көп рет) бұзуы;";
2) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) қаржы мониторингінің уәкілетті органына - Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртіпте;".
11. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақшамен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртiпте қаржы мониторингінің уәкілетті органына нотариалдық әрекеттер туралы мәлiметтер ұсынылады.";
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актiлерiнде көзделген талаптарды үнемi (жүйелi он екi күнпарақтық айы ішінде үш және одан көп рет) бұзғанда;".
12. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжат):
35-баптың 5-тармағы "тоқтатыла тұруға тиiс" деген сөздерi ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға тиiс" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
13. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат):
1) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингінің уәкiлеттi органына мәліметтердi хабарлауға;".
14. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):
9-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екiнші бөлiммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртiпте қаржы мониторингінің уәкілетті органы қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынады.".
15. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; N 11, 56-құжат):
18-баптың 1-тармағы келесідей мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәлiметтердi қаржы мониторингінің уәкiлеттi органына хабарлауға;".
16. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегі "Терроризмге қарсы күрес туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 649-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат):
мынадай мазмұндағы 12-1 баппен толықтырылсын:
"12-1-бап Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін
жауапкершілікке тартылған тұлғаларды және
террористік ұйымдарды есепке алу
1. Терроризмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган сот шешiмдерiнiң негiзiнде террористік іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың және террористік ұйымдардың есебiн жүргiзедi.
2. Сот ұйымды террористік деп таныған не ұйым терроризмдi жүзеге асырған жағдайда оны тарату арқылы қызметiн тоқтата тұрған немесе оған тиым салған кезде және тұлғаларды терроризмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа тартқан кезде өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жолдауға мiндеттi.".
17. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат):
1) 54-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген талаптарды үнемi (жүйелi он екi күнпарақтық айы ішінде үш және одан көп рет) бұзған;";
2) 57-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген талаптарды үнемi (жүйелi он екi күнтiзбелiк айы iшiнде үш және одан көп рет) бұзған;".
18. "Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылдағы 6 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 19-құжат):
16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) қаржы мониторингiнің уәкілеттi органына - Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртіпте;".
19. "Кредиттiк серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат):
21-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) қаржы мониторингінiң уәкiлеттi органына - Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес;".
20. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат):
1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген мақсатта және тәртiпте қаржы мониторингінің уәкілетті органына;";
2) 51-бабының 1-ші тармағы мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасы заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заң актілерiнде көзделген талаптарды бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының үнемi (жүйелі он екi күнпарақтық айы iшiнде үш және одан көп peт) бұзуы;".
21. "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 176-құжат):
12-баптың 3-бөлімі келесідей мазмұндағы 10-1)-бөлiмшесiмен толықтырылсын:
"10-1) террористік iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшін жауапкершiлікке тартылған тұлғаларды және cот террористік деп таныған ұйымдарды;".
22. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 13 маусымдағы 2005 ж. Заңындағы ("Казахстанская правда" 17.06.2005 ж. N 158-159):
1) 29-баптың 3-тармағы келесiдей мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингiнің уәкiлеттi органына ақпарат ұсынуға;";
2) 31-баптың 2-тармағы келесiдей мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингінің уәкілетті органына ақпаратты және құжаттарды ұсынуға;".
23. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 желтоқсандағы, N 2727 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 18, 157-құжат):
18-баптың екiншi бөлімi: "актiлерiнiң негiзiнде" сөздерiнен кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен көзделген жағдайларда және тәртiпте" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi