"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстанның екiншi инновациялық конгресiн және венчурлiк жәрмеңке өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі