Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 қазандағы N 992 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстанның екiншi инновациялық конгресiн және венчурлiк жәрмеңке өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады