Кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қазандағы N 1079 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1034 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.07 № 1034 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 526-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қараңыз.K100296

      1. Қоса берiлiп отырған Кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 644 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 269-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 27 қазандағы
N 1079 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн
орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi
айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не
денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза
тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу
ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 526-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды. Қараңыз.K100296

      2. Бiржолғы өтемақы төлеудi кеден органының басшысы бұйрығының негiзiнде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының қаржы қызметi (бұдан әрi - қаржы қызметi) оны алуға құқығы бар адамдарға жүргiзедi.
      Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы немесе оның асырауындағы адамдар (мұрагерлер), ал кеден органының лауазымды адамы өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда кеден органының тиiстi лауазымды адамы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады.

      3. Кеден органы лауазымды адамының қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiгу не денсаулығына өзге де зақым келу мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзіледi. V053932

      4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзінің кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтіндей болып мертiгу не денсаулығына өзге де зақым келу фактiсiн растайтын қорытындыны қабылдаған сәттен бастап лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының кадр қызметi (бұдан әрi - кадр қызметi) 7 күнтiзбелiк күн iшiнде бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды ұсына отырып, бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiштi беру қажеттілiгi туралы жазбаша хабардар етедi:
      1) кеден органының лауазымды адамы қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      некеге тұру туралы куәлiк не сот органдарының алименттер туралы атқарушы құжаты (қамқоршылық туралы құжат) не мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
      2) кеден органының лауазымды адамы өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде:
      медициналық қорытынды;
      халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
      3) мүгедектiктi белгiлемей еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтуы анықталған кезде: медициналық қорытынды.

      5. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтiнiш берген кезде кадр қызметi осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және оны 2-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.
      Талап етілген құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда өтiнiш тiркеуге жатпайды, өтiнiш берушiге қайтару себептерi көрсетiлiп қайтарылады.

      6. Кадр қызметi өтiнiштi журналға тiркеп, бiржолғы өтемақы алушыға iсқағаз толтырады және оны қаржы қызметiне жiбередi.

      7. Қаржы қызметi лауазымды адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесi туралы анықтаманы iсқағазға қоса отырып, 7 күннен аспайтын мерзiмде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының басшысына оны тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдау үшiн iсқағазды ұсынады.

      8. Бiржолғы өтемақы төлеудi қаржы қызметi алушының жеке шотына немесе банктердегi не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақы төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкiлдерiне бiр мезгiлде хабарлай отырып, өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде оның өтiнiште көрсетiлген шотына бюджеттiк ақшаны аудару жолымен жүргiзiледi.

                                        Кеден органының лауазымды
                                       адамына қызметтiк мiндеттерiн
                                       орындауына байланысты, өзiнiң
                                        кәсiби қызметiмен одан әрi
                                           айналысуына мүмкiндiк
                                       бермейтiндей болып мертiккен
                                       не денсаулығына өзге де зақым
                                         келген кезде, сондай-ақ
                                      ол қаза тапқан (қайтыс болған)
                                         жағдайда бiржолғы өтемақы
                                              төлеу ережесіне
                                                 1-қосымша

                         Кiмге ___________________________________
                                 (кеден органы басшысының Т.А.Ә.)
                          ______________________________ мекен-жайы
                          бойынша тұратын  ________________________
                          (өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты)
                          өтiнiш иесiнің СТН-i ____________________

               Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш

      Сiзден _______________________________________________________
               (залалдың орнын толтыру үшiн негіздеме көрсетiледi)
байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиесілі соманы _________________________________________
             (банктiң атауы, банктiң CTH-i, банктың МФО-сы, алушының
____________________________________________________________________
    жеке шотының нөмiрi немесе байланыс бөлiмшесi арқылы аударған
                жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi)
аударуыңызды сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
      1.
      2.
      3.
      4.
      5.
      _______________ (күнi мен өтiнiш берушiнiң қолы)

                                        Кеден органының лауазымды
                                       адамына қызметтiк мiндеттерiн
                                       орындауына байланысты, өзiнiң
                                        кәсiби қызметiмен одан әрi
                                           айналысуына мүмкiндiк
                                       бермейтiндей болып мертiккен
                                       не денсаулығына өзге де зақым
                                         келген кезде, сондай-ақ
                                      ол қаза тапқан (қайтыс болған)
                                         жағдайда бiржолғы өтемақы
                                              төлеу ережесіне
                                                 2-қосымша

  Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы

Р/н

Өтiнiш келiп түскен
күн

Мертiккен, қаза тапқан қызмет-
кердiң Т.А.Ә. және оның мекен-
жайы

Бiржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә.
және оның
мекен-
жайы

Бiр-
жолғы өтем-
ақы төлеу үшiн негiз-
деме

Қарау нәтижесi

Бiржолғы өтемақы сомасы

Төлем құжаты-
ның нөмiрi мен
күнi

Бас тарту себебi

1

2

3

4

5

6

7

8










Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации должностному лицу таможенного органа при получении увечья либо иного повреждения здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2005 года N 1079. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2010 года N 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.10.2010 N 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со  статьей 526  Таможенного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ: см.K100296

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты единовременной компенсации должностному лицу таможенного органа при получении увечья либо иного повреждения здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей.

      2. Признать утратившим силу  постановление  Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2003 года N 644 "Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации семье погибшего (умершего) или его иждивенцам (наследникам) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа Республики Казахстан в связи с исполнением служебных обязанностей" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 28, ст. 269).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены             
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 27 октября 2005 года N 1079  

  Правила
выплаты единовременной компенсации должностному лицу
таможенного органа при получении увечья либо иного
повреждения здоровья, исключающего для него возможность в
дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью,
а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением
служебных обязанностей

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии со  статьей 526  Таможенного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок выплаты единовременной компенсации должностному лицу таможенного органа при получении увечья либо иного повреждения здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей. см.K100296

      2. Выплата единовременной компенсации производится лицам, имеющим право на ее получение, финансовой службой таможенного органа по месту работы должностного лица (далее - финансовая служба) на основании приказа руководителя таможенного органа.
      Лицами, имеющими право на получение единовременной компенсации в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа в связи с исполнением служебных обязанностей, являются семья погибшего (умершего) или его иждивенцы (наследники), а в случае получения должностным лицом таможенного органа увечья либо иного поврежденья здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью - соответствующее должностное лицо таможенного органа.

      3. Расследование об обстоятельствах гибели (смерти) должностного лица таможенного органа, а также получения увечья либо иного поврежденья здоровью, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью, производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан . V053932

      4. С момента принятия комиссией по расследованию несчастного случая заключения, подтверждающего факт гибели (смерти) должностного лица таможенного органа в связи с исполнением служебных обязанностей, а также при получении им увечья либо иного повреждения здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью, кадровая служба таможенного органа по месту работы должностного лица (далее - кадровая служба) в течение 7 календарных дней письменно извещает лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, о необходимости подачи заявления на выплату единовременной компенсации согласно приложению 1 к настоящим Правилам с представлением следующих документов:
      1) в случае гибели (смерти) должностного лица таможенного органа:
      копию документа, удостоверяющего личность получателя;
      копию свидетельства органов записи актов гражданского состояния о смерти, заверенную нотариально;
      копию свидетельства о рождении несовершеннолетнего получателя;
      свидетельство о заключении брака либо исполнительный документ судебных органов об алиментах (документ об опекунстве), либо свидетельство о праве на наследство;
      2) при получении должностным лицом таможенного органа увечья либо иного повреждения здоровья, исключающего для него возможность в дальнейшем заниматься профессиональной деятельностью:
      медицинское заключение;
      копию справки территориального подразделения уполномоченного органа в области социальной защиты населения об установлении инвалидности;
      3) при определении стойкой утраты трудоспособности без установления инвалидности: медицинское заключение.

      5. При обращении лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, с заявлением кадровая служба проверяет полноту и правильность оформления документов, указанных в пункте 4 настоящих Правил, и регистрирует его в журнале регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации согласно приложению 2.
      В случае неполного представления требуемых документов или их неправильного оформления заявление не подлежит регистрации, возвращается заявителю с указанием причин возврата.

      6. Кадровая служба, зарегистрировав заявление в журнале, формирует дело на получателя единовременной компенсации и направляет его в финансовую службу.

      7. Финансовая служба, приобщив к делу справку о денежном содержании должностного лица по последней занимаемой должности, в срок не более 7 дней, представляет дело руководителю таможенного органа по месту работы должностного лица для принятия решения о выплате единовременной компенсации с указанием даты ее назначения.

      8. Выплата единовременной компенсации осуществляется финансовой службой путем перечисления на лицевой счет или карт-счет получателя в банках либо организациях, имеющих лицензии Национального Банка Республики Казахстан на осуществление соответствующих видов банковских операций, в течение двух месяцев с момента подачи заявления в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан .
      Несовершеннолетнему получателю выплата единовременной компенсации производится путем перечисления бюджетных денег на его счет, указанный в заявлении, с одновременным уведомлением об этом органов опеки и попечительства или его законных представителей в течение двух месяцев с момента подачи заявления.

Приложение 1                
к Правилам выплаты единовременной     
компенсации должностному лицу      
таможенного органа при получении     
увечья либо иного повреждения      
здоровья, исключающего для него      
возможность в дальнейшем         
заниматься профессиональной        
деятельностью, а также в случае его    
гибели (смерти) в связи с исполнением   
служебных обязанностей           

Кому ________________________________________ 
     (Ф.И.О. руководителя таможенного органа) 
от __________________________________________ 
     (фамилия, имя, отчество заявителя) 
проживающего по адресу: _____________________ 
РНН заявителя________________________________ 

  Заявление на выплату единовременной компенсации

      Прошу вас выплатить мне единовременную компенсацию в связи
с ______________________________________________________________
         (указывается основание для возмещения ущерба)

      Причитающуюся мне сумму прошу перечислить
________________________________________________________________
(указываются название банка, РНН банка, МФО банка, номер лицевого
счета получателя или его адрес в случае перевода через отделения
                    связи)

К заявлению прилагаю следующие документы:
1.
2.
3.
4.
5.
____________ (дата и подпись заявителя)

Приложение 2                
к Правилам выплаты единовременной     
компенсации должностному лицу      
таможенного органа при получении     
увечья либо иного повреждения      
здоровья, исключающего для него      
возможность в дальнейшем         
заниматься профессиональной        
деятельностью, а также в случае его    
гибели (смерти) в связи с исполнением   
служебных обязанностей           

                              Журнал
          регистрации заявлений на выплату единовременной
                            компенсации

п/н


Дата
пос-
туп-
ления
заяв-
ления


Ф.И.О.
сот-
руд-
ника,
полу-
чив-
шего
уве-
чье,
умер-
шего,
и его
адрес

Ф.И.О.
полу-
чателя
едино-
времен-
ной
компен-
сации
и его
адрес

Осно-
вание
для
выплаты
едино-
времен-
ной
компен-
сации

Результат рассмотрения

Сумма
единовре-
менной
компен-
сации

Номер
и
дата
платеж-
ного
документа

Причина
отказа

1

2

3

4

5

6

7

8