Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.07 № 1034 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 526-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қараңыз.K100296
1. Қоса берiлiп отырған Кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 644 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 269-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 27 қазандағы
N 1079 қаулысымен
бекiтiлген
Кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн
орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi
айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не
денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза
тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу
ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 526-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды. Қараңыз.K100296
2. Бiржолғы өтемақы төлеудi кеден органының басшысы бұйрығының негiзiнде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының қаржы қызметi (бұдан әрi - қаржы қызметi) оны алуға құқығы бар адамдарға жүргiзедi.
Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы немесе оның асырауындағы адамдар (мұрагерлер), ал кеден органының лауазымды адамы өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда кеден органының тиiстi лауазымды адамы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады.
3. Кеден органы лауазымды адамының қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiгу не денсаулығына өзге де зақым келу мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзіледi. V053932
4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзінің кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтіндей болып мертiгу не денсаулығына өзге де зақым келу фактiсiн растайтын қорытындыны қабылдаған сәттен бастап лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының кадр қызметi (бұдан әрi - кадр қызметi) 7 күнтiзбелiк күн iшiнде бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды ұсына отырып, бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiштi беру қажеттілiгi туралы жазбаша хабардар етедi:
1) кеден органының лауазымды адамы қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
некеге тұру туралы куәлiк не сот органдарының алименттер туралы атқарушы құжаты (қамқоршылық туралы құжат) не мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
2) кеден органының лауазымды адамы өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде:
медициналық қорытынды;
халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
3) мүгедектiктi белгiлемей еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтуы анықталған кезде: медициналық қорытынды.
5. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтiнiш берген кезде кадр қызметi осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және оны 2-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.
Талап етілген құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда өтiнiш тiркеуге жатпайды, өтiнiш берушiге қайтару себептерi көрсетiлiп қайтарылады.
6. Кадр қызметi өтiнiштi журналға тiркеп, бiржолғы өтемақы алушыға iсқағаз толтырады және оны қаржы қызметiне жiбередi.
7. Қаржы қызметi лауазымды адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесi туралы анықтаманы iсқағазға қоса отырып, 7 күннен аспайтын мерзiмде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының басшысына оны тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдау үшiн iсқағазды ұсынады.
8. Бiржолғы өтемақы төлеудi қаржы қызметi алушының жеке шотына немесе банктердегi не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақы төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкiлдерiне бiр мезгiлде хабарлай отырып, өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде оның өтiнiште көрсетiлген шотына бюджеттiк ақшаны аудару жолымен жүргiзiледi.
Кеден органының лауазымды
адамына қызметтiк мiндеттерiн
орындауына байланысты, өзiнiң
кәсiби қызметiмен одан әрi
айналысуына мүмкiндiк
бермейтiндей болып мертiккен
не денсаулығына өзге де зақым
келген кезде, сондай-ақ
ол қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда бiржолғы өтемақы
төлеу ережесіне
1-қосымша
Кiмге ___________________________________
(кеден органы басшысының Т.А.Ә.)
______________________________ мекен-жайы
бойынша тұратын ________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты)
өтiнiш иесiнің СТН-i ____________________
Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш
Сiзден _______________________________________________________
(залалдың орнын толтыру үшiн негіздеме көрсетiледi)
байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесілі соманы _________________________________________
(банктiң атауы, банктiң CTH-i, банктың МФО-сы, алушының
____________________________________________________________________
жеке шотының нөмiрi немесе байланыс бөлiмшесi арқылы аударған
жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi)
аударуыңызды сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
1.
2.
3.
4.
5.
_______________ (күнi мен өтiнiш берушiнiң қолы)
Кеден органының лауазымды
адамына қызметтiк мiндеттерiн
орындауына байланысты, өзiнiң
кәсiби қызметiмен одан әрi
айналысуына мүмкiндiк
бермейтiндей болып мертiккен
не денсаулығына өзге де зақым
келген кезде, сондай-ақ
ол қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда бiржолғы өтемақы
төлеу ережесіне
2-қосымша
Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы
Р/н |
Өтiнiш келiп түскен |
Мертiккен, қаза тапқан қызмет- |
Бiржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. |
Бiр- |
Қарау нәтижесi |
||
Бiржолғы өтемақы сомасы |
Төлем құжаты- |
Бас тарту себебi |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |