Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу ережесi мен шарттарында:
4-тармақтың 6) тармақшасында:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тауықтар, үйректер - 0,50 АЕК-ке дейiн;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қаздар, түйетауықтар - 1,0 АЕК-ке дейiн.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі