Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 31 қазандағы N 1088 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу ережесi мен шарттарында:
      4-тармақтың 6) тармақшасында:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тауықтар, үйректер - 0,50 АЕК-ке дейiн;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қаздар, түйетауықтар - 1,0 АЕК-ке дейiн.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады