Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданылушылар назарына: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 32, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесінде:
кіріспедегі "8), 12), 12-1), 15), 29) және 44) тармақшаларына" деген сөздер "тармақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-бөлімде:
тақырыптағы "Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр" деген сөздер "Электр" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ алынып тасталсын;
3, 7, 11, 12, 13-бөлімдер алынып тасталсын;
4-бөлімнің 5-тармағының 15), 16)тармақшалары алынып тасталсын;
5-бөлімнің 9-тармағының 7), 10), 11), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;
8-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:";
9-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:";
10-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:".