Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
"Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі
N 596
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде:
1-тармақтағы "Білім беру ұйымдарының" деген сөздер "Заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ 5) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
17, 18, 19, 20-тармақтар 4) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
21, 22-тармақтар 7) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
23-тармақта:
1) тармақшада:
төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "30" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "25" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада:
үшінші абзацтағы "іргелі және қолданбалы" деген сөздерден кейін ", әсіресе, ғылым немесе мәдениет салаларының біреуінде" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "40" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "30" деген сандар "35" деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшада:
төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "35" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
23-2-тармақ алынып тасталсын.