Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 185-қосымшада :
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.";
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жаңадан құрылатын Еуразия даму банкінің атына ашылған уақытша жинақтау шотына аудару.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталындағы үлесінің 20 пайызын төлеу үшін ақша қаражатын қамтамасыз ету.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі