Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 509к Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  185-қосымшада :
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.";
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жаңадан құрылатын Еуразия даму банкінің атына ашылған уақытша жинақтау шотына аудару.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталындағы үлесінің 20 пайызын төлеу үшін ақша қаражатын қамтамасыз ету.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады