Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесiн және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесi және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

       Қазақтан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2006 жылғы 6 қаңтардағы  
N 6 қаулысымен     
  бекітілген     

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу ережесi

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мақсатты ағымдағы трансферттер" бағдарламасының 104 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi тауар-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялауға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiсi мен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер) 2006 жылдың күздiк дақылдарын өсiру, көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті дизель отынын сатып алуға байланысты шығындарды iшiнара өтеуге арналған.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге субсидия төлеу технологиялық карталарға сәйкес, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң даму ерекшелiктерiн және 1 гектарға дизель отынының шығысы нормативтерiн негiзге ала отырып, дизель отынының Ауылшарминi белгiлеген субсидия нормасы бойынша бүкiл бекiтiлген көлемiне жылына бiр рет жүзеге асырылады.

      4. Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы өнiмдерiн алу үшiн ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзу ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге субсидия төлеудiң негiзгi өлшемi болып табылады. 

  II. Субсидия төлеу тәртiбi

      5. Ауылшарминi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде субсидиялаудың облыстар бойынша бекiтiлген көлемiне сәйкес және 2006 жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сай облыстық бюджеттерге мақсатты ағымдағы трансферттердi аударады.

      6. Облыстық бюджеттi мәслихат бекiткен соң екi апта мерзiмде, облыс әкiмi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басымдығын негiзге ала отырып және аудандар бойынша дизель отынының бекiтiлген көлемiне сәйкес облыс бойынша субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде аудандар бойынша субсидия көлемiн бекiтедi және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын анықтайды.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      7. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң субсидия алуға арналған жиынтық тiзiмiн (бұдан әрi - Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмi) айқындау үшiн әрбiр ауданда аудан әкiмiнiң шешiмiмен аудан әкiмiнiң, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, аудандық салық комитетiнiң, статистика басқармасының, Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасының және қоғамдық ұйымдардың (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қауымдастығы немесе басқа) қызметкерлерi құрамындағы ведомоствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудан әкiмi ВАК-тың жұмысын "бiр терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етуге мiндеттi.

      8. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi ВАК-тың жұмысшы органы болып табылады.

      9. ВАК-тың жұмысшы органы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден құжаттар қабылдау мерзiмiн, өзге де қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс iстеу тәртiбiн жергiлiктi ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.

      10. Сатып алынған және қолданылған дизель отынына субсидия алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер көктемгi дала жұмыстары аяқталғаннан кейiн, ал күздiк дақылдар жөнiнде нақты өскiн бойынша бес жұмыс күнi iшiнде ВАК-қа осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн - әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмiнiң көшiрмесi); 
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi;
      дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар-көлiк құжаттары және өзге де растайтын құжаттар;
      банк деректемелерi.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Көктемгi дала жұмыстарын жүргiзу мерзiмдерi субсидияланатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша әр өңiрге арналған ғылыми негiзделген оңтайлы агротехникалық мерзiм ретiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ғылыми өндiрiстiк орталықтарының ұсынымдары негiзiнде айқындалады.

      12. ВАК ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден өтiнiмдер түскеннен кейiн екi апта мерзiмде күздiк дақылдарды қоса алғанда, егiстiктi қабылдауды жүргiзедi және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды. Егiстiктi қабылдау актiсi екi данада жасалады, бiреуi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiде қалады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiне енгiзудi күздiк дақылдарды қоса алғанда, егiстiктi қабылдау актiсiне сәйкес ВАК жасайды. Тiзiмге енгiзуден бас тартылған жағдайда жұмысшы орган ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге себебiн көрсетiп тиiстi анықтама бередi.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      14. ВАК ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер жұмысшы органға өткiзген құжаттарды тексередi және егiстiктi қабылдау актiсiнiң негiзiнде соңғы егiстiктi қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн күздік дақылдарды қоса алғанда, бес жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң субсидия алуға арналған жиынтық тiзiмiн жасайды және аудан әкiмiне бекiтуге жiбередi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      15. Аудан әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiн бекiтедi.

      16. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi үш жұмыс күнi iшiнде аудан әкiмi бекiткен Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiн, сондай-ақ субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды облыстың бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсiне (облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментi/басқармасы) ұсынады, ол он жұмыс күнi iшiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiне сәйкес субсидия төлеудi жүргiзедi.
      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органына төлем шотын, Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiн және субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.

      17. Аумақтық қазынашылық органға ұсынылған Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiнiң, сондай-ақ субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттардың дұрыстығы үшiн Облыстың бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсi жауапты болады.

      18. Облыс әкiмi 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде сомасын және бекітiлген субсидиялау көлемi орындалмаған жағдайда себептерiн көрсете отырып, Ауылшарминiне облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге төленген субсидияның көлемi туралы мәлiмет бередi.

      19. Қандай да бiр аудандарға бөлiнген қаражат толық игерiлмеген жағдайда облыс әкiмi оны заңнамада белгiленген тәртiппен басқа дақылдарды субсидиялауға жiберуi және оларды облыс бойынша субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде қайта бөлуi мүмкiн. 

      20. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда, Ауылшарминi заңнамада белгiленген тәртiппен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.

      21. Қайта бөлiнген сомалар есебiнен субсидия төлеу рәсiмi осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      22. Облыс әкiмi субсидиялар төленгеннен кейiн бес күн мерзiмде Ауылшарминiне қайта бөлiнген қаражат есебiнен облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге төленген субсидия көлемi туралы мәлiмет бередi.

      23. 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын субсидиялауға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына Ауылшарминi, облыстардың және аудандардың әкiмдерi жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы     
 N 6 қаулысымен         
бекiтiлген         

  Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесi 

  І. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi дизель отынымен қамтамасыз етудiң мынадай тәртiптерiн:
      облыстардың дизель отынына қажеттiлiгiн және 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн республикадағы мұнай өңдеу зауыттарынан оның сатылу бағасын белгiлеу тәртiбiн;
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмiн айқындау тәртiбiн;
      дизель отынын жеткiзудi, сақтауды және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi онымен қамтамасыз ету үшiн қаржылық жағынан тұрақты құрылымдар iшiнен операторларды (бұдан әрi - операторлар) белгiлеу тәртiбiн айқындайды.          

  ІІ. Облыстардың дизель отынына қажеттiлiгiн айқындау

      2. Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi):
      облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, күтiлетiн ауыл шаруашылығы жұмыстарының көлемiн ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық карталарына сәйкес дизель отынының көлемiн айқындайды; 
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен, негiзгi мұнай өнiмдерi ресурстарын ұстаушылармен және мұнай өңдеу зауыттармен бiрлесiп дизель отынының көлемiн белгiлейдi және облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына шартты түрде бекiтудi жүргiзедi.
      3. Облыс әкiмдерi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың басымдығы мен ерекшелiктерiн ескере отырып, дизель отынының көлемiн аудандар арасында бөледi.       

  III. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын сатып алуы

      4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер дизель отынын Қазақстан Республикасының негiзгi мұнай өнiмдерiнiң ресурсын ұстаушыларынан, мұнай өндiру компанияларынан, мұнай өңдейтiн зауыттарынан және/немесе еркiн рынокта өз бетiмен сатып алады.
      5. Дизель отынын облыс әкiмi құрған конкурстық комиссия белгiлеген операторлардан сатып алған жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарларың өндiрушiлер аудан әкiмiне тиiстi өтiнiм бередi.
      Дизель отынын сатып алуға арналған өтiнiмге ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мынадай құжаттар пакетiн қоса бередi:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн - аудан әкiмiнiң шаруа қожалығын құру жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесi); 
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi.
      Дизель отынын алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi ол үшiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын немесе қызметi жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн пайдаланумен байланысты болатын жеке немесе заңды тұлға болуы тиiс.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      6. Аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi берiлген өтiнiмнiң негiзiнде дизель отынын алу үшiн олардың көлемi көрсетiлген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмiн жасайды және оны әкiмге бекiтуге ұсынады. Бұл ретте дизель отынының көлемi технологиялық карталарға сәйкес 1 гектарға дизель отынының шығыс нормативтерiне сәйкес айқындалады.
      7. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналып бекiтiлген тiзiмi облыс әкiмiнiң облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне жiберiледi. 
      8. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментi қалыптастырған және бекiткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмi жеткiзiлiмдердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ауылшарминiне, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне және мұнай өңдейтiн зауыттарға жiберiледi. 

  IV. Дизель отынын жеткiзу жөнiндегi операторларды белгiлеу

      9. Операторларды белгiлеу мақсатында облыс әкiмi конкурстық комиссия құрады, оның құрамына Ауылшарминiнiң, қоғамдық ұйымдардың (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер қауымдастығы немесе тағы басқа) өкiлдерi кiредi.
      10. Конкурстық комиссия дизель отынын жеткiзудi, сақтауды және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге босатуды қамтамасыз ету үшiн қаржылық жағдайы тұрақты құрылымдардың iшiнен операторларды iрiктеу жөнiнде конкурс өткiзедi.
      Операторларды iрiктеу облыс әкiмi әзiрлеген және Ауылшарминiмен келiсiлген өлшемдерге сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      11. Операторлар өздерiнiң қаржы қаражаты есебiнен:
      Қазақстан Республикасының бекiтiлген мұнай өңдейтiн зауыттарынан немесе еркiн рынокта дизель отынын сатып алуды;
      облыс әкiмi өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған бағада дизель отынын жеткiзудi, құюды, сақтауды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге босатуды жүзеге асырады.
      12. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi дизель отынын алу тетiгiн, операторлардың тiзбесiн және олардың дизель отынына арналған босату бағаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етедi.
      13. Дизель отынының мақсатты пайдалануын бақылау облыстың және ауданның тиiстi әкiмiне жүктеледi.
      14. Осы Ереженiң орындалуын бақылау Ауылшарминiне жүктеледi. 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 қаңтардағы           
N 6 қаулысына               
1-қосымша               

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

                                            ____________ ауданының
                                      ведомствоаралық комиссиясына

      2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге
сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм

1. _______________________________________ негiзiнде әрекет ететiн 
         (құрылтай құжаты)
__________________________________________________________________
           (Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi)
атынан бiрiншi басшы _____________________________________________
                              (T.А.Ә., лауазымы)
осы арқылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған және пайдаланылған әрi күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тонна мөлшерiндегi дизель отынына субсидия бөлу туралы мәлiмдейдi.
Сатып алынған және сатып алынатын дизель отыны ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн ғана пайдаланылады.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _____________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

3. Өтiнiмге мыналар қоса берiледi:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмнiң көшiрмесi)
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi;
      дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар-көлiк жүкқұжаты және басқа да растайтын құжаттар;
      банктiк деректемелер.

      Ауыл шаруашылығы тауарын
      өндiрушiнiң заңды мекен-жайы және
      банктiк деректемелерi:           _______________________
                                        (Т.А.Ә., қолы, мөр)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
2006 жылғы 6 қаңтардағы       
N 6 қаулысына            
2-қосымша             
      
"Бекітемін"   
Аудан әкімі  
_____________
(қолы, мөрі, Т.А.Ә.)
 2006 ж."____"_______

  Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің егісті қабылдаудың 
           200___ жылғы "___"_________ N _____ АКТІСІ

      Біз, төменде қол қоюшылар
      ВАК төрағасы ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
      ВАК мүшелері ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
                   ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
                   ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

бір тараптан және _____________________________________________
                  (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің атауы)
басшысы, екінші тараптан ______________________________________
_______________________________________________________________
      (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің атауы)

200__ж. "___"_______N___ жеткізу шарты бойынша _______ тонна
мөлшеріндегі дизель отыны сатып алынған туралы осы актіні жасадық,
ол мына мақсаттарға жұмсалады:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

______ га, алаңға егіс алқабы (кадастр N) _____________________
_______________________________________________________________
               (дақыл, мерзімі, жұмсау нормасы)
 
      ВАК төрағасы ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
      ВАК мүшелері ____________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
      _________________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші: __________________________
                                       (қолы, мөрі, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 қаңтардағы       
N 6 қаулысына            
3-қосымша            

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.27. N  580  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

"Бекітемін"   
Аудан әкімі  
_______________________ 
 (қолы, мөрі, Т.А.Ә.)  

                                             2006 ж. "___"__________

Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң
                       жиынтық тізiмi

Р/с
N

Шаруа-
шылық-
тардың
атауы
 

Күздiк
дақылдар-
ды қоса
алғанда
ВАК актiсiмен
қабыл-
данған
егiс
алаңы, га

Дақыл-
дардың
түрлерi
бойынша
1 га-ға
дизель
отыны
шығысының
нормативі, кг/га

Күздiк
дақылдарды
өсiру,
көктемгi
егiс және
егiн жинау
жұмыстарын
жүргiзу үшiн
қажеттілігi,
тонна,
(3-бағ. х
4-бағ.)

1 гектарға
арналған
субсидияның
нормасы,*
теңге

Төленуге
тиiс
cубсидия-
ның
көлемi,
теңге
(3-бағ. х
6-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

* - ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын облыс әкiмi белгiлейдi

BAК төрағасы _____________    аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi
             (қолы, Т.А.Ә.)   _____________________________________
ВАК мүшелерi ______________         (қолы, Т.А.Ә.)
             (қолы, Т.А.Ә.)

             ______________
             (қолы, Т.А.Ә.)              M.О.

Об утверждении Правил выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на приобретение дизельного топлива для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года и Правил обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей дизельным топливом на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2006 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года N 6

      В целях реализации  Закона  Республики Казахстан от 22 ноября 2005 года "О республиканском бюджете на 2006 год" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые  Правила  выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на приобретение дизельного топлива для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года и  Правила  обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей дизельным топливом на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2006 года.

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены            
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 6 января 2006 года N 6   

  Правила
выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям
на приобретение дизельного топлива для проведения 
весенне-полевых и уборочных работ 2006 года

  I. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на приобретение дизельного топлива для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2006 год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Минсельхоз) по подпрограмме 104 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на субсидирование стоимости товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ" программы 009 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на развитие сельского хозяйства".
      2. Субсидии предназначаются для частичного возмещения затрат, связанных с приобретением дизельного топлива необходимого отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям (далее - сельхозтоваропроизводителям) для возделывания озимых, проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года.
       Сноска. В пункт 2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      3. Выплата субсидий сельхозтоваропроизводителям осуществляется один раз в год, на весь утвержденный объем дизельного топлива по норме субсидий установленной Минсельхозом, исходя из приоритетов развития сельскохозяйственного производства и нормативов расхода дизельного топлива на 1 гектар, в соответствии с технологическими картами.
      4. Основным критерием выплаты субсидий сельхозтоваропроизводителям является проведение сельскохозяйственных работ для получения продукции сельхозпроизводства текущего года.

  II. Порядок выплаты субсидий

      5. Минсельхоз, как администратор бюджетной программы, перечисляет целевые текущие трансферты областным бюджетам в соответствии с утвержденными объемами субсидирования по областям и согласно планам финансирования на 2006 год.
      6. Аким области исходя из приоритетности развития сельскохозяйственного производства и согласно утвержденному объему дизельного топлива по районам в двухнедельный срок после утверждения маслихатом областного бюджета утверждает объем субсидий по районам в пределах утвержденного объема субсидирования по области, и определяет норму субсидий на 1 гектар по видам сельскохозяйственных культур.
       Сноска. В пункт 6 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      7. Для определения сводного списка сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий (далее - Список сельхозтоваропроизводителей) в каждом районе решением акима района создается межведомственная комиссия (далее - МВК) в составе сотрудников акима района, отделов сельского хозяйства и земельных отношений района, районного налогового комитета, управления статистики, территориального управления Минсельхоза и общественных организаций (ассоциации сельхозтоваропроизводителей или другие). При этом аким района обязан обеспечить работу МВК по принципу "одного окна".
      8. Рабочим органом МВК является отдел сельского хозяйства района.
      9. Рабочий орган МВК обеспечивает публикацию порядка работы МВК в местных средствах массовой информации с указанием сроков приема документов от сельхозтоваропроизводителей и другие необходимые сведения.
      10. Для получения субсидий за приобретенное и использованное дизельное топливо сельхозтоваропроизводители в течение пяти рабочих дней по окончании весенне-полевых работ, а по озимым культурам по фактическим всходам представляют в МВК заявку по форме, согласно  приложению 1  к настоящим Правилам, и следующие документы:
      копию документа о регистрации юридического лица (для физических лиц - копию решения акима на создание крестьянского хозяйства);
      копию правоустанавливающего документа на земельный участок в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      копию свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      копию статистической карты;
      договор поставки дизельного топлива, счет-фактуру, платежные документы, товарно-транспортные накладные и другие подтверждающие документы;
      банковские реквизиты.
       Сноска. В пункт 10 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      11. Сроки проведения весенне-полевых работ определяются как оптимальные научно-обоснованные агротехнические сроки для каждого региона, по видам субсидируемых сельскохозяйственных культур, на основе рекомендаций научно-производственных центров Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      12. МВК в двухнедельный срок после поступления заявки от сельхозтоваропроизводителей проводит приемку посевов, включая озимые культуры, и составляет акт приемки посевов по форме согласно  приложению 2  к настоящим Правилам.
      Акт приемки посевов составляется в двух экземплярах, один из которых остается у сельхозтоваропроизводителя.
       Сноска. В пункт 12 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      13. Включение в Список сельхозтоваропроизводителей производится МВК согласно акту приемки посевов, включая озимые культуры. В случае отказа от включения в данный список сельхозтоваропроизводителю рабочим органом выдается соответствующая справка с указанием причин.
       Сноска. В пункт 13 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      14. МВК проверяет представленные сельхозтоваропроизводителями в рабочий орган документы и на основании акта приемки посевов в течение пяти рабочих дней после проведения последней приемки посевов, включая озимые культуры, составляет сводный список сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий согласно  приложению 3  к настоящим Правилам, и направляет его на утверждение акиму района.
       Сноска. В пункт 14 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      15. Аким района в течение двух рабочих дней утверждает Список сельхозтоваропроизводителей.
      16. Отдел сельского хозяйства района в течение трех рабочих дней, утвержденный акимом района Список сельхозтоваропроизводителей, а также документы подтверждающие обоснованность выплаты субсидий, представляет Администратору бюджетной программы области (департамент/управление сельского хозяйства акима области), который в течение десяти рабочих дней производит выплату субсидий согласно утвержденному Списку сельхозтоваропроизводителей.
      При проведении платежа администратор бюджетной программы представляет в территориальный орган казначейства Министерства финансов Республики Казахстан счет к оплате, утвержденный Список сельхозтоваропроизводителей и документы подтверждающие обоснованность выплаты субсидий.
      17. Ответственность за достоверность представленного в территориальный орган казначейства утвержденного Списка сельхозтоваропроизводителей, а также документов подтверждающих обоснованность выплаты субсидий несет Администратор бюджетной программы области.
      18. Аким области в срок до 25 июля представляет в Минсельхоз сведения об объеме выплаченных субсидий сельхозтоваропроизводителям по области с указанием сумм и причин в случае невыполнения утвержденного объема субсидирования.
      19. В случае неполного освоения, каким-либо районом выделенных средств, аким области может направить их на субсидирование других видов культур и перераспределить их в пределах утвержденного объема субсидирования по области в установленном законодательством порядке.
      20. В случае неполного освоения, какой-либо областью выделенных средств, Минсельхоз вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о перераспределении субсидий по областям в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2006 год в установленном законодательством порядке.
      21. Процедура выплаты субсидий за счет перераспределенных сумм осуществляется в порядке, установленном настоящими Правилами.
      22. Аким области в пятидневный срок после выплаты субсидий представляет в Минсельхоз сведения по области об объеме выплаченных субсидий сельхозтоваропроизводителям за счет перераспределенных сумм.
      23. Ответственность за эффективное, результативное и целевое использование бюджетных средств, выделенных на субсидии сельхозтоваропроизводителям для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года несут Минсельхоз, акимы областей и районов.

Утверждены            
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 6 января 2006 года N№6   

  Правила
обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей
дизельным топливом на проведение весенне-полевых и
уборочных работ 2006 года

  I. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют следующие порядки обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей дизельным топливом:
      порядок определения потребности областей в дизельном топливе и цены его реализации с нефтеперерабатывающих заводов республики на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2006 года;
      порядок определения списка сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение дизельного топлива;
      порядок определения операторов, из числа финансово-устойчивых структур, для обеспечения доставки, хранения и отпуска дизельного топлива сельскохозяйственным товаропроизводителям (далее - операторы).

  II. Определение потребности областей
в дизельном топливе

      2. Министерство сельского хозяйства (далее - Минсельхоз):
      совместно с акимами областей с учетом ожидаемых объемов сельскохозяйственных работ, определяет в соответствии с технологическими картами производства сельскохозяйственной продукции объемы дизельного топлива;
      совместно с Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, основными ресурсодержателями нефтепродуктов и нефтеперерабатывающими заводами устанавливает объемы дизельного топлива и производит условное закрепление областей за нефтеперерабатывающими заводами.
      3. Акимы областей распределяют объемы дизельного топлива среди районов, с учетом приоритетов и особенностей развития сельскохозяйственного производства.

  III. Приобретение дизельного топлива
сельскохозяйственными товаропроизводителями

      4. Сельскохозяйственные товаропроизводители самостоятельно приобретают дизельное топливо у основных ресурсодержателей нефтепродуктов и нефтедобывающих компаний, нефтеперерабатывающих заводов Республики Казахстан и/или на свободном рынке.
      5. В случае приобретения дизельного топлива у операторов определенных конкурсной комиссией, созданной акимом области, сельскохозяйственные товаропроизводители подают соответствующую заявку акиму района.
      К заявке на получение дизельного топлива сельскохозяйственные товаропроизводители прилагают следующий пакет документов:
      копию документа о регистрации юридического лица (для физических лиц - копию решения акима на создание крестьянского хозяйства);
      копию правоустанавливающего документа на земельный участок в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      копию свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      копию статистической карты.
      Сельскохозяйственный товаропроизводитель, получающий дизельное топливо, должен быть юридическим или физическим лицом, для которого земля является основным средством производства или деятельность которого связана с использованием земли для производства сельскохозяйственной продукции.
       Сноска. В пункт 5 внесены изменения постановлением Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .
      6. На основании поданной заявки отдел сельского хозяйства акима района составляет список сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение дизельного топлива с указанием их объемов и представляет его на утверждение акиму. При этом объемы дизельного топлива определяются в соответствии с нормативами расхода дизельного топлива на 1 га согласно технологическим картам.
      7. Утвержденный список сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение дизельного топлива направляется в областной департамент сельского хозяйства акима области.
      8. Список сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение дизельного топлива сформированный и утвержденный областным департаментом сельского хозяйства направляется в Минсельхоз, Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан и нефтеперерабатывающим заводам для осуществления поставок.

  IV. Определение операторов
по поставке дизельного топлива

      9. В целях определения операторов акимом области создается конкурсная комиссия, в состав которой, включаются представители Минсельхоза, общественных организаций (ассоциации сельскохозяйственных товаропроизводителей или другие).
      10. Конкурсная комиссия проводит конкурс по отбору операторов из числа финансово-устойчивых структур для обеспечения доставки, хранения и отпуска дизельного топлива сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      Отбор операторов должен производиться в соответствии с критериями, разработанными акимом области и согласованными с Минсельхозом.
      11. Оператор за счет собственных финансовых средств осуществляет:
      приобретение дизельного топлива с закрепленных нефтеперерабатывающих заводов Республики Казахстан или на свободном рынке;
      доставку, слив, хранение, отпуск дизельного топлива сельскохозяйственным товаропроизводителям по ценам определенным по итогам конкурса, проведенного акимом области.
      12. Акимам областей и районов обеспечить широкое освещение в средствах массовой информации механизма получения дизельного топлива, перечень операторов и их отпускные цены на дизельное топливо.
      13. Контроль за целевым использованием дизельного топлива возлагается на соответствующего акима области и района.
      14. Контроль за исполнением настоящих Правил возлагается на Минсельхоз.

Приложение 1        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 6 января 2006 года N 6  

Межведомственной комиссии    
______________________ района

       Сноска. Приложение 1 в редакции постановления Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .

                                  Заявка
            на получение субсидий за приобретенное дизельное
               топливо на проведение сельскохозяйственных
                              работ 2006 года

      1. __________________________________ действующий на основании
              (Сельхозтоваропроизводитель)
____________________________________________________________________
                        (учредительный документ)
 
в лице первого руководителя ________________________________________
                                      (Ф.И.О., должность)

настоящим заявляет о выделении субсидий за приобретенное и
использованное дизельное топливо на проведение весенне-полевых работ,
и необходимое на проведение осенне-полевых работ в количестве
____________ тонн.
Приобретенное и приобретаемое дизельное топливо используется
исключительно для производства сельскохозяйственной продукции.

      2. Краткое описание цели использования: _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      3. К заявлению прилагаются:
      копия документа о регистрации юридического лица (для физических
лиц - копия решения акима на создание крестьянского хозяйства);
      копия правоустанавливающего документа на земельный участок в
соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      копия свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      копия статистической карты;
      договор поставки дизельного топлива, счет-фактура, платежные
документы, товарно-транспортные накладные и другие подтверждающие
документы;
      банковские реквизиты.

      Юридический адрес и
      банковские реквизиты
      сельхозтоваропроизводителя: __________________________
                                   (Ф.И.О., подпись, печать)

Приложение 2        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 6 января 2006 г. N 6   

 
"Утверждаю"
аким района
_________________________
(Ф.И.О., подпись, печать)
"__" ___________ 2006 г.

                                     АКТ
                приемки посевов сельскохозяйственного
                         товаропроизводителя
                   от "__"________ 200_ года №N ___

      Мы, нижеподписавшиеся
      Председатель МВК ________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
      члены МВК _______________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
                _______________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
_______________________________________________________________
с одной стороны и Руководитель
_______________________________________________________________
          (наименование сельхозтоваропроизводителя)
 
______________________________, с другой стороны, составили
 
настоящий акт о том, что_______________________________________
                      (наименование сельхозтоваропроизводителя)
 
было приобретено дизельное топливо в количестве _______________
тонн по договору поставки от "__" ___________ 200 г. N ____,
которые израсходованы на следующие цели:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
на площади _______ га, поле (N кадастра) ______________________
_______________________________________________________________
   (культура, срок, норма расхода)

      Председатель МВК ________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
      члены МВК _______________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
                _______________________________________________
                                (должность, Ф.И.О.)
Сельхозтоваропроизводитель ____________________________________
                               (Ф.И.О., подпись, печать)

 
Приложение 3           
к постановлению Правительства  
Республики Казахстан       
от 6 января 2006 года N 6 

       Сноска. Приложение 3 в редакции постановления Правительства РК от 27 июня 2006 года N  580 .          

"Утверждаю"           
аким района           
___________________________  
 (Ф.И.О., подпись, печать)   

"___"_____________ 2006 г.

       

Сводный список сельхозтоваропроизводителей
на получение субсидий

N п/п

Наиме-
нование
хозяйств

Посевная
площадь,
принятая
актом
МВК,
включая
озимые
культуры,
га

Норматив
расхода
дизтоплива
на  1 га
по видам
культур,
кг/га

Общая
потребность
дизтоплива
для
возделывания
озимых,
проведения
весенне-
полевых  и
уборочных
работ, тонн
(гр. 3 х
гр. 4)

Норма
субсидий
на 1
га, *
тенге

Объем
субсидий,
подлежащий
к
выплате,
тенге
(гр. 3 х
гр. 6)

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

      * - норма субсидий на 1 га по видам сельскохозяйственных культур определяется акимом области

Председатель МВК ____________________   отдел сельского хозяйства акима района
                  (подпись, Ф.И.О.)

Члены МВК        ____________________            ____________________
                  (подпись, Ф.И.О.)               (подпись, Ф.И.О.)

                 ____________________            М.П.
                  (подпись, Ф.И.О.)