Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 580 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесiн және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 1, 5-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу ережесiнде:

      2-тармақта:
      "2006 жылдың" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарын өсiру," деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ "және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын анықтайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта:
      бiрiншi абзацта "аяқталғаннан кейiн" деген сөздерден кейiн ", ал күздiк дақылдар жөнiнде нақты өскiн бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi";
      жетiншi абзац алынып тасталсын;

      12-тармақта "екi апта мерзiмде" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақта "тiзiмiне енгiзудi" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақта "қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн" деген сөздерден кейiн "күздік дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiнде:

      5-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi";
      көрсетiлген қаулыға 1 және 3-қосымшалар осы қаулыға қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 27 маусымдағы 
N 580 қаулысына     
қосымша      

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 6 қаңтардағы 
N 6 қаулысына     
1-қосымша     

__________ ауданының
ведомствоаралық комиссиясына

2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге
сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм

1. _______________________________________ негiзiнде әрекет ететiн 
         (құрылтай құжаты)
__________________________________________________________________
           (Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi)
атынан бiрiншi басшы _____________________________________________
                              (T.А.Ә., лауазымы)
осы арқылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған және пайдаланылған әрi күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тонна мөлшерiндегi дизель отынына субсидия бөлу туралы мәлiмдейдi.
Сатып алынған және сатып алынатын дизель отыны ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн ғана пайдаланылады.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _____________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

3. Өтiнiмге мыналар қоса берiледi:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмнiң көшiрмесi)
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi;
      дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар-көлiк жүкқұжаты және басқа да растайтын құжаттар;
      банктiк деректемелер.

      Ауыл шаруашылығы тауарын
      өндiрушiнiң заңды мекен-жайы және
      банктiк деректемелерi:           _______________________
                                        (Т.А.Ә., қолы, мөр)

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 27 маусымдағы
N 580 қаулысына   
қосымша    

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 6 қаулысына    
3-қосымша    

"Бекiтемiн"      
аудан әкiмi      
____________________
(Т.А.Ә. қолы, мөрi)
2006 жылғы "___"_____

Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң
                       жиынтық тізiмi

Р/с
N

Шаруа-
шылық-
тардың
атауы
 

Күздiк
дақылдар-
ды қоса
алғанда
ВАК актiсiмен
қабыл-
данған
егiс
алаңы, га

Дақыл-
дардың
түрлерi
бойынша
1 га-ға
дизель
отыны
шығысының
нормативі, кг/га

Күздiк
дақылдарды
өсiру,
көктемгi
егiс және
егiн жинау
жұмыстарын
жүргiзу үшiн
қажеттілігi,
тонна,
(3-бағ. х
4-бағ.)

1 гектарға
арналған
субсидияның
нормасы,*
теңге

Төленуге
тиiс
cубсидия-
ның
көлемi,
теңге
(3-бағ. х
6-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

* - ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын облыс әкiмi белгiлейдi

BAК төрағасы _____________    аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi
             (қолы, Т.А.Ә.)   _____________________________________
ВАК мүшелерi ______________         (қолы, Т.А.Ә.)
             (қолы, Т.А.Ә.)

             ______________
             (қолы, Т.А.Ә.)              M.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады