1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 48 Қаулысы

      "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба

1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға
арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында
Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату
туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан "Құрманғазы" (Құлалы), "Центральная" геологиялық құрылымдарының және "Хвалынское" кен орнының көмiрсутек ресурстарын бiрлесiп игерудегi өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
      1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы  Хаттаманың  (бұдан әрi - Хаттама) мәтiнiне өзгерiс енгiзiлсiн - 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Хаттаманың 3, 4 және 5-баптарына сәйкес тараптардың уәкiлеттi органдары құрған кәсiпорындарға олардың шегiнде "Құрманғазы" ("Құлалы") және "Центральная" құрылымдары, сондай-ақ "Хвалынское" кен орны орналасқан жер қойнауы учаскелерiн пайдалану құқығы өнiмдi бөлiсу шарттарында, сондай-ақ жер қойнауының осы учаскелерiнде өнiмдi бөлiсу шарттарынан ерекше, жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттарында, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, барлау және өндiру мүмкiндiгi жоқтығын растайтын қандай да бiр конкурстарды немесе аукциондарды өткiзбей-ақ осы учаскелердi пайдалану құқығы берiлуi мүмкiн жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiне осы учаскелердi енгiзу қажеттiгiнсiз өнiмдi бөлiсу шарттарында берiледi. Көрсетiлген кәсiпорындармен осы жер қойнауы учаскелерiне қатысты өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер жасасу құқығына аукциондар өткiзбей-ақ жасалады".
      Осы Хаттама қол қойылған сәттен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарланған күннен бастап күшiне енеді.
      Осы Хаттама 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2006 жылғы "____"___________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасы үшiн           Ресей Федерациясы үшiн  

О проекте Протокола о внесении изменений и дополнений в Протокол от 13 мая 2002 года к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2006 года N 48

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 30 мая 2005 года "О международных договорах" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложение о подписании проекта Протокола о внесении изменений и дополнений в Протокол от 13 мая 2002 года к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна
северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект       

  ПРОТОКОЛ
о внесении изменений и дополнений в Протокол от
13 мая 2002 года к Соглашению между Республикой Казахстан и
Российской Федерацией о разграничении дна северной части
Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав
на недропользование от 6 июля 1998 года

      Республика Казахстан и Российская Федерация, далее именуемые Сторонами,
      исходя из взаимной заинтересованности в совместном освоении углеводородных ресурсов геологических структур "Курмангазы" ("Кулалинская"), "Центральная" и месторождения "Хвалынское", расположенных в северной части Каспийского моря, 
      согласились о нижеследующем:
      Внести изменение в текст Протокола от 13 мая 2002 года к  Cоглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года (далее - Протокол) - пункт 3 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "Предприятиям, созданным уполномоченными организациями Сторон в соответствии со статьями 3, 4 и 5 настоящего Протокола, предоставляется право пользования участками недр, в пределах которых расположены структуры "Курмангазы" ("Кулалинская") и "Центральная", а также месторождение "Хвалынское", на условиях раздела продукции без необходимости включения этих участков в перечни участков недр, право пользования которыми может быть предоставлено на условиях раздела продукции, а также без проведения каких-либо конкурсов или аукционов, подтверждающих отсутствие возможности геологического изучения, разведки и добычи полезных ископаемых на этих участках недр на иных условиях пользования недрами, отличных от условий раздела продукции. В отношении этих участков недр соглашения о разделе продукции заключаются с указанными предприятиями без проведения аукционов на право заключения соглашений о разделе продукции".
      Настоящий Протокол временно применяется с момента подписания и вступает в силу с даты последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящий Протокол является неотъемлемой частью  Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года.
      Совершено в городе ________________ " ___ " _________ 2006 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

       За Республику                               За Российскую  
      Казахстан                                   Федерацию