"Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға
арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында
Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату
туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан "Құрманғазы" (Құлалы), "Центральная" геологиялық құрылымдарының және "Хвалынское" кен орнының көмiрсутек ресурстарын бiрлесiп игерудегi өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырдағы
Хаттаманың
(бұдан әрi - Хаттама) мәтiнiне өзгерiс енгiзiлсiн - 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Хаттаманың 3, 4 және 5-баптарына сәйкес тараптардың уәкiлеттi органдары құрған кәсiпорындарға олардың шегiнде "Құрманғазы" ("Құлалы") және "Центральная" құрылымдары, сондай-ақ "Хвалынское" кен орны орналасқан жер қойнауы учаскелерiн пайдалану құқығы өнiмдi бөлiсу шарттарында, сондай-ақ жер қойнауының осы учаскелерiнде өнiмдi бөлiсу шарттарынан ерекше, жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттарында, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, барлау және өндiру мүмкiндiгi жоқтығын растайтын қандай да бiр конкурстарды немесе аукциондарды өткiзбей-ақ осы учаскелердi пайдалану құқығы берiлуi мүмкiн жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiне осы учаскелердi енгiзу қажеттiгiнсiз өнiмдi бөлiсу шарттарында берiледi. Көрсетiлген кәсiпорындармен осы жер қойнауы учаскелерiне қатысты өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдер жасасу құқығына аукциондар өткiзбей-ақ жасалады".
Осы Хаттама қол қойылған сәттен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарланған күннен бастап күшiне енеді.
Осы Хаттама 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
2006 жылғы "____"___________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн