"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2006 жылы балық ресурстарының өсiмiн молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетiн және бағалы түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушi және қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен шарттар жасасуды;
осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi пайдаланылу қағидатын сақтауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 24 ақпандағы
N 122 қаулысына
қосымша
2006 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық
ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың
сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау
және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін
сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды
берушілер мен қызметтерді көрсетушілердің тізбесі
Р/с |
Жұмыстарды беруші мен |
Жұмыстарды |
Жұмыстар мен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК |
Атырау |
Балық |
2. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК |
Атырау |
Балық |
3. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Майбалық балық питомнигі" РМҚК |
Акмола |
Балық |
4. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Жоғарғы Тобыл балық питомнигі" РМҚК |
Лисаковск |
Балық |
5. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Петропавл балық питомнигі" РМҚК |
Петропавл |
Балық |
6. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қарағанды балық питомнигі" РМҚК |
Қарағанды |
Балық |
7. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Шардара балық питомнигі" РМҚК |
Шардара |
Балық |
8. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК |
Қызылорда |
Балық |
9. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қашыр балық питомнигі" РМҚК |
Павлодар |
Балық |
10. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" РМҚК |
Алматы қаласы |
Балық |
11. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" РМҚК |
Алматы |
Балық |
12. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" РМҚК |
Шығыс |
Балық |
Ескерту:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын