Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 122 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2006 жылы балық ресурстарының өсiмiн молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетiн және бағалы түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушi және қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулыға қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен шарттар жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi пайдаланылу қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2006 жылғы 24 ақпандағы
                                              N 122 қаулысына
                                                   қосымша

         2006 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық
   ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың
  сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау
  және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін
      сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды
       берушілер мен қызметтерді көрсетушілердің тізбесі

Р/с
N

Жұмыстарды беруші мен
қызметтерді көрсетушінің
атауы

Жұмыстарды
беруші мен
қызметтерді
көрсетушінің
орналасқан
жері

Жұмыстар мен
қызметтердің
атауы

1

2

3

4

1.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК

Атырау
облысы
Зарослый
ауылы

Балық
ресурстарын
молайту

2.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК

Атырау
облысы
Еркенкала
ауылы

Балық
ресурстарын
молайту

3.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Майбалық балық питомнигі" РМҚК

Акмола
облысы
Майбалық
кенті

Балық
ресурстарын
молайту

4.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Жоғарғы Тобыл балық питомнигі" РМҚК

Лисаковск
қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

5.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Петропавл балық питомнигі" РМҚК

Петропавл
қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

6.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қарағанды балық питомнигі" РМҚК

Қарағанды
облысы Жаңа
Солоничка
станциясы

Балық
ресурстарын
молайту

7.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Шардара балық питомнигі" РМҚК

Шардара
қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

8.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК

Қызылорда
облысы
Қосжар кенті

Балық
ресурстарын
молайту

9.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қашыр балық питомнигі" РМҚК

Павлодар
облысы Қашыр
ауданы

Балық
ресурстарын
молайту

10.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" РМҚК

Алматы қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

11.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" РМҚК

Алматы
облысы
Шалқар кенті

Балық
ресурстарын
молайту

12.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің»"Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" РМҚК

Шығыс
Қазақстан
облысы
Мальковое
ауылы

Балық
ресурстарын
молайту

 
Ескерту:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады