"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi (атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 , "Пәкiстан Ислам Республикасына iзгiлiк көмек көрсету туралы" 2005 жылғы 14 қазандағы N 1026 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне Пәкiстан Ислам Республикасына iзгiлiк көмек көрсетуге байланысты мемлекеттiк материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар, сатып алынған ұн және оларды автомобиль және авиация көлiгiмен тасымалдау құнының орнын толтыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 25820562 (жиырма бес миллион сегiз жүз жиырма мың бес жүз алпыс екi) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі