Пәкiстан Ислам Республикасына ізгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 1026 Қаулысы

      2005 жылғы 8 қазандағы жер сiлкiнiсiнiң салдарынан зардап шеккен Пәкiстан Ислам Республикасына iзгілiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) қосымшаға сәйкес Пәкiстан Ислам Республикасына iзгілiк көмек көрсету үшін материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығарсын;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, жүкті бiрге алып жүрудi және алушыға берудi қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi Пәкiстан Ислам Республикасына iзгілiк көмек көрсету үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен көлемi 19 (он тоғыз) тонна ұнды (бiрiншi сұрып) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, Пәкiстан Ислам Республикасына iзгiлiк көмек көрсетуге байланысты мемлекеттiк материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтардың, сатып алынған ұнның құнын өтеу және оларды автомобиль және авиация көлiгімен тасымалдау үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі iзгілік көмек жүгiн Қарағанды қаласының әуежайынан Пәкiстан Ислам Республикасы Исламабад қаласының әуежайына дейiн жеткiзудi қамтамасыз етсін.

      5. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес iзгілiк көмек көрсету үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар материалдық құндылықтарды Қарағанды қаласының әуежайынан Пәкiстан Ислам Республикасы Исламабад қаласының әуежайына дейiнгi бағыт бойынша авиатасымалдау жөніндегi қызметтердi көрсетушi болып Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Бүркiт" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (келiсiм бойынша) белгiленсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі iзгілік көмек алушыны белгілесін және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi жүзеге асырсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің          
2005 жылғы 14 қазандағы   
N 1026 қаулысына қосымша  

  Мемлекеттiк материалдық резервтен шығарылатын,
iзгiлiк көмегiн көрсетуге арналған материалдық
құндылықтардың тізбесi

      Ет-өсімдiк консервiлерi (арпа жармасынан жасалған ботқа) 325 граммнан - 30024 банкi.
      Шаруашылық сабыны 250 граммнан - 1 тонна.
      Жиырма орындық палаткалар (қыстық) - 26 дана.
      Матрац (мақта салынған) - 520 дана.
      Жамылғы (жартылай жүннен тоқылған) - 520 дана.
      Жастық - 520 дана.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады