Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы
Индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру және мемлекеттiң экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Қазына" орнықты дамыту қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрсын;
2) бiр ай мерзiмде:
"Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiтудi;
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқықтары "Қазына" АҚ-ға берiлетiн мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзбесiн бекiтудi қамтамасыз етсiн;
3) үш ай мерзiмде нормативтiк құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз етсiн;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi