"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 наурыздағы N 152 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы

      Индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру және мемлекеттiң экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазына" орнықты дамыту қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрсын;
      2) бiр ай мерзiмде:
      "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiтудi;
      акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқықтары "Қазына" АҚ-ға берiлетiн мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзбесiн бекiтудi қамтамасыз етсiн;
      3) үш ай мерзiмде нормативтiк құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады