Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылау туралы келiсiм жасалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы
келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң макроэкономикалық
көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске
асырылуын бақылау туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк (бұдан әрi - БЭК) құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге, өзара сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ұмтыла отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында тауарлардың, қызметтердiң, капитал мен жұмыс күшiнiң еркiн қозғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында,
БЭК құру жөнiндегi үйлестiрiлген iс-шараларды жүзеге асыру қажеттiгiн растай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылауға қатысты жалпы мәселелердi реттейдi.
2-бап
Тараптар Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiм) 8-бабында айқындалған келiсiлген сандық мәндерiне қол жеткiзуге бағытталған шараларды әзiрлейдi.
3-бап
Тараптар келiсiлген макроэкономикалық көрсеткiштердi жақындастыруға бағытталған шаралардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Тараптар мемлекеттерiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылауды әрбiр Тарап және үкiметаралық деңгейде жүзеге асырады.
Макроэкономикалық көрсеткiштердi жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылау жөнiндегi жұмыстарды үкiметаралық деңгейде үйлестiру үшiн жұмыс тобы құрылады, оның құрамына Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi экономикалық, статистикалық және қаржылық органдарының өкiлдерi, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитетiнiң өкiлдерi кiредi.
4-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын жекелеген мемлекеттер деңгейiнде бақылау функцияларын тиiстi органдар жүзеге асырады, олардың негiзгi мiндеттерi мыналарды қамтиды:
тiзбелерi Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiмде қамтылған макроэкономикалық көрсеткiштердiң мониторингi және олардың болжамды бағаларын қарау;
жақындау өлшемi ретiнде келiсiлген макроэкономикалық көрсеткiштердi жақындастыруға бағытталған шаралар бойынша ұсынымдар дайындау;
жұмыс тобының шеңберiнде талқылауға ұсыныстар әзiрлеу.
Жұмыс тобының шеңберiнде тиiстi органдар макроэкономикалық көрсеткiштердi ұсыну нысаны мен мерзiмiн келiседi, сондай-ақ ақпарат алмасуды тiкелей жүзеге асырады.
5-бап
Макроэкономикалық көрсеткiштердi жақындастыру жөнiндегi шаралардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
тiзбелерi Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiмде қамтылған макроэкономикалық көрсеткiштер мониторингiнiң негiзгi нәтижелерiн және олардың болжамды бағаларын қарау;
макроэкономикалық көрсеткiштердi жақындастыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
тараптар мемлекеттерiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру жөнiндегi шараларды iске асыруға бағытталған мәселелердi пысықтау;
Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiмнiң 11-бабына сәйкес iс-шаралар жоспарын әзiрлеу.
Тараптар мемлекеттерiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн жақындастыру өлшемiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу қорытындылары жыл сайын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi және БЭК комиссиясына жiберiледi.
6-бап
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясы iс-шаралар жоспарын бекiтедi және Тараптар мемлекеттерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған бағдарламаларын (стратегияларын) әзiрлеген кезде Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдары ескеретiн негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң келiсiлген мәндерiне қол жеткiзуге бағытталған шешiмдер қабылдайды.
7-бап
Осы Келiсiмде Тараптар қатысушы болып табылатын үшiншi елдермен жасалған басқа халықаралық шарттардың ережелерi қозғалмайды.
8-бап
2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн кез келген мемлекет осы Келiсiмге қатысушы бола алады. Осы Келiсiмге қосылу шарттары Тараптар мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.
9-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
10-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда кез келген Тарап дауды БЭК шеңберiндегi дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге жiбере алады.
11-бап
Осы Келiсiм Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер жасасқан мынадай келiсiмдер:
Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер тiзбесi туралы келiсiм;
Статистика әдiснамасын бiрiздендiру және мемлекеттiк статистика органдарын үйлестiру жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылау тетiгi туралы келiсiм күшiне енген жағдайда 2005 жылғы "__" қарашада ______________ қаласында қол қойылған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы халықаралық шарттардың күшiне ену тәртiбi туралы хаттамада көзделген тәртiппен күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Кез келген Тарап депозитарийге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, өзiнiң осы Келiсiмге қатысуын тоқтата алады. Мұндай Тарап үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуы депозитарий жазбаша хабарлама алған күннен бастап 12 ай өткен соң тоқтатылады.
Тараптардың бiрi осы Келiсiмнен шыққан жағдайда, егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаса, оның қолданылуы аталған Тарап осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде осы Тарап үшiн туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi толық реттегенге дейiн жалғасады.
200___ жылғы "____"_________ _________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады. 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң 4-бабына сәйкес БЭК Комиссиясы құрылған және оған өкiлеттiк берiлген сәтке дейiн Қазақстан Республикасы БЭК құру жөнiндегi халықаралық-құқықтық құжаттардың депозитарийi болып табылады.
Депозитарий Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Ресей Федерациясының Украина
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн