Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылсын.

      2. "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділiктi арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берiлген заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару болып белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 818 қаулысымен.

      3. Қоса берілiп отырған:
      1) "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
      2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 818 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Қазына" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
      2) "Қазына" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      3) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берудi;
      4) "Қазына" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 818 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      6-1. Осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазына" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) бағалауды жүргiзсiн.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 818 қаулысымен.

      6-2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 5 және 6-1-тармақтарында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазына" акционерлiк қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 818 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-71-жолмен толықтырылсын:
      "21-71. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ";

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-19-жолмен толықтырылсын:
      "237-19. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ".

      8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң    
2006 жылғы 15 сәуiрдегi
N 286 қаулысымен  
бекiтілген    

"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң
негiзгi қағидаттары туралы меморандум 1. "Қазына" АҚ-ны құрудың мақсаты

      "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құру мақсаты мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсендiлiктi арттыру және ынталандыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес "Қазына" АҚ-ға мемлекет қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрi - компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) жарғылық капиталын төлеуге берiлетiн болады.
      Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25 N 818 Қаулысымен.

2. "Қазына" АҚ қызметiнiң қағидаттары

      "Қазына" АҚ-ның қызметi айқындылық және кешендiлiк қағидаттарына негiзделетiн болады.
      Айқындылық қағидаты менеджерлердiң жауапкершiлiгін, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн Компанияларды корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды болжамдайды. Осы қағидатты сақтау үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби шетелдiк және отандық менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлардың институтын белсендi түрде пайдалану қажет.
      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде Компаниялардың мамандануын қолдаудың әр түрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.
      Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25 N 818 Қаулысымен.

3. "Қазына" АҚ-ның мiндеттерi

      "Қазына" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттерге негiзделедi:
      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерiн, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, "Қазына" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі Мамандандырылған Кеңестiң (бұдан әрi - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негiзiнде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге Компаниялардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкiметiне жәрдемдесу, Компаниялардың қызметiн үйлестіру негiзiнде экспорт-импорт секторының басымдықтарын пайдалану;
      Компанияларды корпоративтiк басқарудың әлемдiк үздiк тәжiрибесiн енгізу;
      Компаниялар қызметiнiң экономикалық тиiмдiлiгін арттыру, Компаниялардың мамандануы мен олардың арасындағы орынды бәсеке арасындағы теңгерiмдi айқындау;
      Қазақстан Республикасының қор нарығының дамуына жәрдемдесу.
      Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi шешу Компаниялардың тиiсті Директорлар кеңестерiнде акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы Компанияларды басқаруда "Қазына" АҚ-ның белсендi түрде қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07  N 363 Қаулысымен.

4. "Қазына" АҚ-ның функциялары

      Компанияларды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Қазына" АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      Мамандандырылған Кеңестiң ұсынымдары негізiнде Компаниялар үшiн мақсаттар қою;
      қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған Компаниялардың орта мерзiмдi бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерiн бекiту;
      жеке сектордың бастамаларын iске асыруға бөлiнетiн ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуын бақылау;
      Компаниялардың аудитiн ұйымдық қамтамасыз ету;
      Компаниялардың басшыларын iрiктеу және олардың уәждемесi.
      "Қазына" АҚ индустриялық-инновациялық даму, жоғары технологиялық халықаралық жобаларға мемлекеттiң қатысуы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн ұсынымдар әзiрлейдi.

5. "Қазына" АҚ-ны басқару мәселелерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан мемлекет "Қазына" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады. Компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерiн) сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "Қазына" АҚ-тың жалғыз акционерi қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын айқындайды.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнің құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi бірінші басшылары, тәуелсiз директорлар, "Қазына" АҚ-ның Басқарма Төрағасы кiредi.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне мыналар кiредi:
      "Қазына" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;
      "Қазына" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;
      "Қазына" АҚ-ның бюджетiн бекiту;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң жанынан комитеттер, оның iшiнде Аудит комитетi құрылуы мүмкiн.
      "Қазына" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты және өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25 N 818 , 2007.09.24 N 829 Қаулыларымен.

6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына"
АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар Мамандандырылған кеңес - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешiмдi және Қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары және өзге де тұлғалар кiредi. Мамандандырылған кеңес Компанияларды басқару жөнiндегі негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi орта мерзiмдi негiзде бір айда бiр рет жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзуге бағалау жүргiзедi.
      Мамандандырылған кеңес өзiнiң қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және екi жылда кемiнде бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
      Компаниялардың қызметiне мемлекеттiк органдардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негiзделмеген араласуына жол берiлмейдi.
      Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07 N 363 , 2008.06.11 N 576 Қаулыларымен.

  7. "Қазына" АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара
қарым-қатынастар

      "Қазына" АҚ мен Компаниялардың өзара қарым-қатынастары жоғарыда көрсетiлген оның функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Қазына" АҚ-ның Компаниялар қызметiне әсер етуi Компаниялардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегі акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
      Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң құрамына "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi, тәуелсiз директорлар кiредi. Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң төрағасы "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi арасынан сайланады. Компаниялардың Директорлар кеңестерiнiң (қадағалаушы кеңестiң) екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша "Қазына" АҚ сайлайды.
      Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15 N 873 Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметiнiң    
                                             2006 жылғы 15 сәуiрдегi
                                                 N 286 қаулысымен  
                                                     бекiтілген

Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25
N 818 Қаулысымен.

Р/с
N

Атауы

Акция-
лардың
мемле-
кеттiк
пакетi
(қатысу
үлесте-
рі)

1.

"Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы

100%

2.

"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы

100%

3.

"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы

100%

4.

"Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы

100%

5.

"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

6.

"Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

100%

7.

"Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

100%

О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2006 года N 65

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2006 года N 286

       В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2006 года N 65 "О мерах по дальнейшему повышению конкурентоспособности национальной экономики в рамках индустриально-инновационной политики Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать акционерное общество "Фонд устойчивого развития "Қазына" (далее - АО "Қазына") со 100-процентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности АО "Қазына" эффективное корпоративное управление юридическими лицами, государственные пакеты акций (доли участия) которых переданы в оплату уставного капитала АО "Қазына", в целях повышения и стимулирования инвестиционной и инновационной активности во всех секторах экономики Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

      3. Утвердить прилагаемые:
      1) Меморандум об основных принципах деятельности АО "Қазына";
      2) перечень юридических лиц, государственные пакеты акций (доли участия) которых передаются в оплату размещаемых акций АО "Қазына". <*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

      4. Выделить Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2006 год на неотложные затраты 100000000 (сто миллионов) тенге для формирования уставного капитала АО "Қазына".

      5. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) утверждение Устава АО "Қазына";
      2) государственную регистрацию АО "Қазына" в органах юстиции Республики Казахстан;
      3) передачу государственных пакетов акций (долей участия) в оплату уставного капитала АО "Қазына";
      4) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций АО "Қазына" Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан;
      5) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления. <*>
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

      6. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами в месячный срок внести в Правительство Республики Казахстан предложения по составу Совета директоров АО "Қазына".

      6-1. Юридическим лицам, указанным в подпункте 2) пункта 3 настоящего постановления, в установленном законодательством порядке провести оценку государственных пакетов акций (долей участия), передаваемых в оплату размещаемых акций акционерного общества "Қазына". <*>
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 6-1 - постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

      6-2. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан после выполнения мероприятий, указанных в пунктах 5 и 6-1 настоящего постановления, в установленном законодательством порядке обеспечить увеличение количества объявленных акций акционерного общества "Қазына" и оплату размещаемых акций путем передачи государственных пакетов акций (доли участия) юридических лиц. <*>
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 6-2 - постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

      7. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-71, следующего содержания:
      "21-71. АО "Фонд устойчивого развития "Қазына";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 237-19, следующего содержания:
      "237-19 АО "Фонд устойчивого развития "Қазына".

      8. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами в двухнедельный срок внести предложения по внесению изменений и дополнений в нормативные правовые акты Республики Казахстан в
соответствии с настоящим постановлением.

      9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К.К.

      10. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 апреля 2006 года N 286

Меморандум
об основных принципах деятельности
акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына"

1. Цель создания АО "Қазына"

      Целью создания акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына" (далее - АО "Қазына") являются повышение и стимулирование инвестиционной и инновационной активности во всех секторах экономики Республики Казахстан путем эффективного корпоративного управления юридическими лицами с участием государства.
      АО "Қазына" будут переданы в оплату уставного капитала государственные пакеты акций (доли участия) юридических лиц с участием государства (далее - Компаний), в соответствии с решениями Правительства Республики Казахстан . <*>
      Сноска. В раздел 1 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

2. Принципы деятельности АО "Қазына"

      Деятельность АО "Қазына" будет основываться на принципах транспарентности и комплексности.
      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления Компаниями, обеспечивающей ответственность менеджеров, надлежащий контроль за эффективным использованием финансовых ресурсов. Для соблюдения данного принципа необходимо активно использовать институт независимых директоров, с привлечением профессиональных иностранных и отечественных менеджеров с безупречной деловой репутацией.
      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации Компаний на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики. <*>
      Сноска. В раздел 2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

3. Задачи АО "Қазына"

      Достижение цели создания АО "Қазына" будет основываться на следующих основных задачах:
      обеспечение достижения Компаниями стратегических целей и задач, на основе рекомендаций Специализированного Совета по вопросам развития АО "Қазына (далее - Специализированный совет), с учетом положений Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы, государственных и отраслевых (секторальных) программ;
      содействие Правительству Республики Казахстан в диверсификации национальной экономики, использование преимуществ экспортно-импортного сектора на основе координации деятельности Компаний;
      внедрение лучшей мировой практики корпоративного управления Компаниями;
      повышение экономической эффективности деятельности Компаний, определение баланса между специализацией Компаний и разумной конкуренцией между ними;
      содействие развитию фондового рынка Республики Казахстан.
      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться путем активного участия АО "Қазына" в управлении Компаниями через осуществление функций акционера и представительства в соответствующих Советах директоров Компаний.
      Сноска. Раздел 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 7 мая 2007 года N 363 .

4. Функции АО "Қазына"

      Основными функциями АО "Қазына" в рамках осуществления корпоративного управления Компаниями через их Советы директоров будет являться следующее:
      постановка целей для Компаний на основе рекомендаций Специализированного Совета;
      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов Компаний, направленных на достижение поставленных целей;
      контроль за эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;
      организационное обеспечение аудита Компаний;
      подбор и мотивация руководителей Компаний.
      АО "Қазына" вырабатывает рекомендации для Правительства Республики Казахстан по вопросам индустриально-инновационного развития, участия государства в высокотехнологичных международных проектах.

5. Вопросы управления АО "Қазына"

      Государство в лице Правительства Республики Казахстан является единственным акционером АО "Қазына". Решение о реализации акций (доли участия) Компании принимается единственным акционером АО "Қазына" путем принятия соответствующего постановления Правительства Республики Казахстан.
      Правительство Республики Казахстан определяет персональный состав Совета директоров АО "Қазына".
      В состав Совета директоров АО "Қазына" входят первые руководители министерств экономики и бюджетного планирования, индустрии и торговли, финансов, независимые директора, Председатель Правления АО "Қазына".
      В компетенцию Совета директоров АО "Қазына" входят:
      определение приоритетных направлений деятельности АО "Қазына";
      постановка целей деятельности АО "Қазына";
      утверждение бюджета АО "Қазына";
      иные вопросы в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      При Совете директоров АО "Қазына" могут создаваться комитеты, в том числе Комитет по аудиту.
      Финансирование деятельности АО "Қазына" осуществляется за счет Средств уставного капитала и иных доходов, в соответствии с действующим законодательством . <*>
      Сноска. В раздел 5 внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 ; от 24 сентября 2007 года N 829

6. Взаимоотношения между Правительством
Республики Казахстан и АО "Қазына"

      Взаимоотношения между Правительством Республики Казахстан и АО "Қазына" осуществляются через Специализированный совет - консультативно-совещательный орган при Правительстве Республики Казахстан решение о создании и Положение о деятельности которого утверждаются Правительством Республики Казахстан . В состав Специализированного Совета, возглавляемого Премьер-Министром Республики Казахстан либо Заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан, входят первые руководители министерств экономики и бюджетного планирования, индустрии и торговли, финансов и иные лица. Специализированный совет осуществляет выработку рекомендаций по основополагающим целям и задачам по управлению Компаниями на среднесрочной основе один раз в месяц и проводит оценку достижения целей и финансовых результатов.
      Специализированный совет осуществляет свою деятельность на Постоянной основе, и заседает не реже одного раза в два года. Организационно-информационное обеспечение деятельности Специализированного совета осуществляется рабочим органом, определенным Положением о деятельности Специализированного совета.
      Вмешательство государственных органов в деятельность Компаний, не обусловленное выполнением ими контрольных и (или) надзорных функций, недопустимо.
      Сноска. Раздел 6 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 07.05.2007 N 363 ; от 11.06.2008 N 576 .

7. Взаимоотношения между АО "Қазына" и Компаниями

      Взаимоотношения АО "Қазына" и Компаний определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "Қазына" на деятельность Компаний ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих Советах директоров Компаний.
      В состав Советов директоров Компаний входят представители АО "Қазына", независимые директора. Председатель Советов директоров Компаний избирается из числа представителей АО "Қазына". Двое членов Советов директоров (Наблюдательного совета) Компаний избираются АО "Қазына" по рекомендации Правительства Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В раздел внесены изменения постановлением Правительства РК от 15 сентября 2006 года N 873 .

Утвержден       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 апреля 2006 года N 286 <*>

      Сноска. Внесены изменения постановлением Правительства РК от 25 августа 2006 года N 818 .    

Перечень юридических лиц, государственные пакеты акций (доли участия) которых передаются в оплату размещаемых акций акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына"

N п/п

Наименование

Государст-
венный
пакет акций (доля участия)

1

Акционерное общество "Банк Развития
Казахстана"

100 %

2

Акционерное общество "Инвестиционная компания: Инвестиционный Фонд Казахстана"

100 %

3

Акционерное общество "Национальный инновационный фонд"

100 %

4

Акционерное общество "Фонд развития малого предпринимательства"

100 %

5

Акционерное общество "Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций"

100 %

6

Акционерное общество "Центр маркетингово- аналитических исследований"

100 %

7

Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахстанский центр содействия инвестициям"

100 %