"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
      "Қазына" АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 7-бөлiмде:
      екiншi абзац мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Компаниялардың Директорлар кеңестерiнiң (қадағалаушы кеңестiң) екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша "Қазына" АҚ сайлайды.".

      2. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамына кейбiр акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қадағалау кеңесiнiң құрамдарына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды тұлғаларды сайлау ұсынылсын.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
N 873 қаулысына  
1-қосымша  

Кейбiр акңионерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қадағалау кеңесiнiң құрамдарына сайлауға ұсынылатын лауазымды тұлғалар

      1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғам:
      Қуанғанов Фархад Шаймарданұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
      Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N 432 қаулысымен.
      2. "Инвестициялық компания: Қазақстан инвестициялық қоры" акционерлiк қоғам:
      Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2007.03.26. N 229 , 2007.05.29. N 432 қаулыларымен.
      3. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғам:
      Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары.
      4. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғам:
      Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Керімбеков Арсен Жақашұлы" - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2007.03.26. N 229 , 2007.08.21. N 717 Қаулыларымен.
      5. "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғам:
      Ерғожин Дәулет Eдiлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаментінің директоры.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2007.03.26. N 229 , 2007.05.29. N 432 қаулыларымен.
      6. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi:
      Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары;
      Нұрашев Тимур Бекболатұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Инвестиция комитетiнiң төрағасы.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2006 жылғы 15 қыркүйектегi
N 873 қаулысына    
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысының 2-тармағы.
      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы  N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 тамыздағы N 914 қаулысы .
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы  N 1175 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 мамырдағы N 432 қаулысы .
      4. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесі құрамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шiлдедегі N 719 қаулысы .
      5. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi N 721 қаулысы .
      6. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 821 қаулысы .
      7. "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегi N 981 қаулысы .
      8. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы  N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1217 қаулысы .
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
      10. "Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 шiлдедегi N 791 қаулысы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 370-кұжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 827 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары.
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 821 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 қарашадағы N 1214 қаулысы .
      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi N 721 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1358 қаулысы .
      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 шiлдедегi N 721 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 2 ақпандағы N 85 қаулысы .
      15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 мамырдағы N 250 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1, 3 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 13, 140-құжат).
      16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 417 қаулысы .
      17. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегi N 967 қаулысы .
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 қазандағы N 1050 қаулысы .
      19. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 қарашадағы N 1090 қаулысы .    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады