Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 829 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 24 қыркүйектегі
N 829 қаулысымен  
бекітілген    

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
            енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімде:
      үшінші абзацта:
      "басшыларының орынбасарлары", "атқарушы директоры" деген сөздер "бірінші басшылары", "басқарма төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қаржы" деген сөзден кейін ", Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2008 N 1048 Қаулысымен.
      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Қазына" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      үшінші абзацта:
      "басшыларының орынбасарлары" деген сөздер "бірінші басшылары", деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Индустрия және сауда" деген сөздерден кейін ", Қаржы" деген сөзбен толықтырылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2008 N 1048 Қаулысымен.
      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      үшінші абзацтағы "(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
      "Кеңестердің қызметін ұйымдастыру" деген 4-бөлімде:
      7-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "немесе оның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі

Бозымбаев              - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы      жөніндегі қазақстандық холдингі"
                         акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                         (келісім бойынша)"

      мына:
"Мыңбаев               - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы      жөніндегі қазақстандық холдингі"
                         акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                         (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы      минералдық ресурстар министрі";

      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
      енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төраға

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі
      мына:

"Оспанов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы           министрлігі Аграрлық саясат және
                         агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы
                         департаментінің директоры, хатшы"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оспанов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы           министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
                         стратегиясы және аграрлық ғылым
                         департаментінің директоры, хатшы";
      көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын;
      5) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 Қаулысымен;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төраға

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі

Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы      минералдық ресурстар министрі

Сапарбаев              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы       халықты әлеуметтік қорғау министрі;
      көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 қаулысымен.
      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Самғау" холдингі" АҚ-ның басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      төртінші абзацтағы "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздер "бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2008 N 1080 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады