"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 303 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

  "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап.  "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 5 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңы ) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      12-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретiн қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) ағымдағы шот ашылады.
      Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге орналастырылуы мүмкiн.
      Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың кiрiс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган шарт негiзiнде беретiн бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түсетiн кiрiстердiң есебiнен қалыптасады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың шығыс бөлiгi өзiне депозиттерге орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға төленетiн сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгін өтеуге жұмсалатын шығыстарды және агент қызметтерiне төленетiн ақыны қамтиды.
      Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.";
      3-тармақта "Арнайы" деген сөз "Ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта "бюджет қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын.
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "Об обязательном страховании в растениеводстве"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2006 года N 303

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "Об обязательном страховании в растениеводстве".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

  Закон Республики Казахстан
"О внесении изменений в Закон Республики Казахстан
"Об обязательном страховании в растениеводстве"

       Статья 1 . Внести в  Закон  Республики Казахстан от 10 марта 2004 г. "Об обязательном страховании в растениеводстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 5, ст. 26; 2006 г., N 1, ст. 5;  Закон  Республики Казахстан от 31 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Казахстан" 15 февраля 2006 г. и "Казахстанская правда" 14 февраля 2006 г.) следующие изменения:
      в статье 12:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Агенту открывается текущий счет в Национальном Банке Республики Казахстан (далее - Национальный Банк Казахстана) для осуществления управления средствами, передаваемыми уполномоченным государственным органом в области растениеводства на основе договора.
      Временно свободные средства с текущего счета в Национальном Банке Казахстана могут размещаться на депозитах в Национальном Банке Казахстана.
      Доходная часть текущего счета в Национальном Банке Казахстана формируется за счет бюджетных средств, передаваемых уполномоченным государственным органом в области растениеводства на основе договора, и доходов от размещения временно свободных средств на депозитах.
      Расходная часть текущего счета в Национальном Банке Казахстана включает в себя суммы размещения на депозитах, расходы на возмещение части страховой выплаты страховщикам и оплату услуг агента.
      Остатки средств на текущем счете в Национальном Банке Казахстана, числящиеся на конец финансового года, не подлежат возврату уполномоченному государственному органу в области растениеводства и соответственно в бюджет.";
      в пункте 3 слова "со специального" заменить словами "с текущего";
      в пункте 4 слова "из бюджетных средств" исключить.

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан