Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы
1-бап.
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 5 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Заңы
) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
12-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретiн қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге орналастырылуы мүмкiн.
Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың кiрiс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган шарт негiзiнде беретiн бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түсетiн кiрiстердiң есебiнен қалыптасады.
Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың шығыс бөлiгi өзiне депозиттерге орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға төленетiн сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгін өтеуге жұмсалатын шығыстарды және агент қызметтерiне төленетiн ақыны қамтиды.
Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.";
3-тармақта "Арнайы" деген сөз "Ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта "бюджет қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi