Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 548 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепілдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 24 сәуiрдегi
N 316 қаулысымен
бекiтiлген
Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi
Ескерту. Тақырыбы мен мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) кепiлдiк берiлген жарна (бұдан әрi - жарна) - еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ақшалай жарна;
2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы беретiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына тарту үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат.
2. Кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу тәртiбi және оның мөлшерi
3. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшін жұмыс берушiлер әрбiр шетелдiк қызметкер үшiн Қазақстан Республикасының банктерiне жарна енгiзуге мiндеттi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1486 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Жарналар жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі банктік шотына енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1486 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
5. Банк пен жұмыс берушi арасындағы шартта мыналар көрсетiледi:
1) шетелдiк қызметкердiң өзi аумағында тұрақты тұратын мемлекеттi көрсете отырып, тегi, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi;
2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы;
3) банктiң жұмыс берушiге жарналарды қайтару тәртiбi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1486 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы әуежайына дейiнгi авиабилеттiң "Экономикалық" сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
7. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен келген бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы станциясына дейiнгi темiр жол (купелi вагон) немесе автомобиль көлiгi билетiнiң құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
8. Банктер жарнаны жұмыс берушiге уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнiң негiзiнде қайтарады.
9. Уәкiлеттi орган жұмыс берушi өтiнiш жасаған күнi ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететiн қызметкердiң (қызметкерлердiң) атына көлiк құралына алынған билеттiң көшiрмесi не электронды авиабилетке ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi болған кезде жазбаша келiсiм бередi.
10. Жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезiнде шетелдiк жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу тәртiбi мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдiң заңнамасында реттеледi.