Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 548 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 548 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) "Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 137-құжат):

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесінде және оның мөлшерінде:

      тақырыптағы және мәтін бойынша "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады