Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27. N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде:
29-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ конкурстық комиссия, егер конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретiн екiден кем конкурстық өтiнiм ұсынылса, конкурсты өткiзiлмедi деп таниды.";
39-тармақ алынып тасталсын.