Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 368-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында "корпоративтiк желiмен басқару үшiн серверлер," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад," деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақтың бiрiншi абзацында:
"корпоративтiк желiмен басқару үшiн сервер - 1 бiрлiк," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад 1 жиынтық," деген сөздермен толықтырылсын;
"қолданушылардың жұмыс станциялары" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын;
"iркілсiз жұмыс iстеу көздері" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі