Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қзақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 26 қазандағы N 470в Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  368-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында "корпоративтiк желiмен басқару үшiн серверлер," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "корпоративтiк желiмен басқару үшiн сервер - 1 бiрлiк," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад 1 жиынтық," деген сөздермен толықтырылсын;
      "қолданушылардың жұмыс станциялары" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын;
      "iркілсiз жұмыс iстеу көздері" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады