"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 494 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      342-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "342 бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарын бұзу
      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату -
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға бестен онға дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын, заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi, iрi кәсіпкерлiк субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан телерадио-хабарлар арналарында басқа тілдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату -
      баспа немесе өзге де өнiмi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып лауазымды тұлғаларға бестен онға дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата отырып лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы ауысқан, басылымның не хабарлардың тілі, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы, шығарылымның мерзiмдiлігi өзгерген жағдайларда қайта есепке қоймай бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын өндiру, дайындау (тираждау басу) және (немесе) тарату -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды тұлғаларға жиырмадан қырыққа дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға әкеп соғады.".
      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,  N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 61-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым.".
      2) мынадай мазмұндағы 76-1-тараумен толықтырылсын:
      "76-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым
      425-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым (бұдан әрi - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған, қайта есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды, қайта есепке қоюды растайтын құжаттың телқұжатын алған кезде төленедi.
      2. Есепке қоюды, қайта есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      425-2-бап. Алымды төлеушiлер
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес есепке қоюға, қайта есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралдарын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
      425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды уәкілеттi органға бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы төлеушiнiң тiркеу есебiне қойылған жерi бойынша бюджетке енгiзіледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тиiстi құжаттарды уәкілеттi органға бергенге дейiн бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан, қайта есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.
      Бұл ретте қайтару төлеушi уәкілетті орган берген, көрсетiлген тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды бермегенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi.".
      3. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым;".
      4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 жыл, N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат;  N 146, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат, 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      10-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) баспаханалық (полиграфиялық) қызметтер көрсету.".
      5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      1) 1-бапта:
      3) тармақшада "жарты жылда" деген сөздер "үш айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "жылына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы, эфирге шығуы сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторы (редакторы) болып табылған азаматтар.";
      3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою
      1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын WEB-сайттардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары меншiк нысанына қарамастан мiндеттi түрде есепке қойылуға тиiс.
      2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не оның уәкiлдiк беруi бойынша әрекет ететiн адам осы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес арыз бередi.
      3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған, қайта есепке қойған кезде сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қоюды куәландыратын құжаттың телқұжатын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады. 
      Бұл ретте басылымның не хабарлардың тiлi, таралу аумағы, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы және шығарылу кезеңi өзгерген жағдайда бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қойғаны үшiн алым алынбайды.
      4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою жөнiндегi арыз ол түскен күннен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиiс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкілеттi орган бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не төмендегi негiздер бойынша:
      1) егер уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралын бұрын сол атымен және сол аумаққа таралуымен немесе бұрын құрылған бұқаралық ақпарат құралының атаумен араласып кеткен дәрежеге дейiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
      2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн болса;
      3) егер арыз бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл толмай тұрып берiлсе, одан бас тартылады;
      4) егер бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым төленбесе;
      5) егер бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы өтiнiшке меншiк иесi өзгергенi себептi нотариалды куәландырылған бұқаралық ақпарат құралына меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарт қоса берiлмесе;
      6) егер есепке қоюға бұрын сот шығаруды, эфирге шығаруды тоқтатқан бұқаралық ақпарат құралының атауымен (атауының бөлiгiмен) және тақырыптық бағытымен немесе атауын және тақырыптық бағытын қайталайтын, сондай-ақ бұрын сот тыйым салған бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) бұқаралық ақпарат құралы арыз берсе бас тартады.
      5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап үш ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға кiрiсуге өзiнiң құқығын сақтайды.
      Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламалардың, ақпарат агенттіктерiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап алты ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсуге өзiнiң құқығын сақтайды.
      Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығару мерзiмi өтiп кеткен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын шығару, эфирге шығару сотпен тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда бұқаралық ақпарат құралы үш айға тоқтатылған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
      6. Меншiк иесi немесе оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы, басылымның не хабарлардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы және шығарылу кезеңi өзгерген жағдайларда бұқаралық ақпарат құралы қайта есепке қойылуға тиiс.";
      4) 11-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "тиiс деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) бас редактордың (редактордың) аты-жөнi;
      7) редакцияның мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.";
      екiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi абзацта "құқығын растайтын" деген сөздерден кейiн "нотариалды куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы нотариалды куәландырылған куәлiк, құрылтай құжаттары;";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою туралы бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.".
       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 2, 3-тармақтарын, 5-тармақтың 3) тармақшасының он бiрiншi абзацын және 4) тармақшасының он бiрiншi абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам средств массовой информации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2006 года N 494

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам средств массовой информации".

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Проект       

Закон
Республики Казахстан

"О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по вопросам
средств массовой информации"

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31;  Закон  Республики Казахстан от 5 мая 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам аудиторской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 17 мая 2006 г. и "Казахстанская правда" 13 мая 2006 г.):
      статью 342 изложить в следующей редакции:
 
      "Статья 342. Нарушение законодательства Республики Казахстан о средствах массовой информации
      1. Распространение продукции средства массовой информации, а также сообщений и материалов информационного агентства без постановки на учет либо после вынесения решения о приостановлении, прекращении их выпуска (выхода в эфир) или признании свидетельства о постановке на учет утратившим силу -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от пяти до десяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства,
      - в размере от десяти до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства в размере от двухсот до трехсот месячных расчетных показателей с конфискацией продукции средства массовой информации.
      2. Распространение передач по телерадиовещательным каналам на государственном языке по времени менее суммарного объема передач на других языках -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от пяти до десяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства - в размере от десяти до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства в размере от двухсот до трехсот месячных расчетных показателей с конфискацией печатной или иной продукции и приостановлением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации на срок до трех месяцев.
      3. Действия, предусмотренные частью второй настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере от двадцати до пятидесяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства - в размере от ста пятидесяти до двухсот пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства в размере от пятисот до тысячи месячных расчетных показателей с лишением лицензии на деятельность по организации телевизионного и (или) радиовещания и запрещением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации.
      4. Производство, изготовление (тиражирование, печать) и (или) распространение продукции средства массовой информации, а также сообщений и материалов информационного агентства без переучета в случаях смены собственника либо его организационно-правовой формы, наименования, а также названия средства массовой информации, изменения языка издания либо вещания, территории распространения, основной тематической направленности, главного редактора (редактора), адреса редакции, периодичности выпуска -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от двадцати до сорока, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства - в размере от ста до двухсот, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства в размере от восьмисот до тысячи месячных расчетных показателей с приостановлением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации на срок до трех месяцев.
      5. Действия, предусмотренные частью четвертой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут запрещение выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации.".

      2. В  Кодекс  Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; 2002 г., N 6, ст. 73, 75; N 19-20, ст. 171; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 15, ст. 133, 139; N 21-22, ст. 160; N 24, ст. 178; 2004 г., N 5, ст. 30; N 14, ст. 82; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; N 24, ст. 153; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4, 5; N 3, ст. 22;  Закон  Республики Казахстан от 5 мая 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам аудиторской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 17 мая 2006 г. и "Казахстанская правда" 13 мая 2006 г.):
      1) Статью 61 дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:
      "9-1. Сбор за постановку на учет, переучет средства массовой информации.";
      2) дополнить главой 76-1 следующего содержания:
 
      "Глава 76-1. Сбор за постановку на учет, переучет средства массовой информации
      Статья 425-1. Общие положения
      1. Сбор за постановку на учет, переучет средства массовой информации (далее - сбор) взимается при постановке на учет, переучет средства массовой информации, а также при получении дубликата документа, удостоверяющего постановку на учет, переучет средства массовой информации.
      2. Постановка на учет, переучет осуществляется уполномоченным органом в области средств массовой информации (далее - уполномоченный орган) в порядке и случаях, установленных законодательным актом Республики Казахстан.
 
      Статья 425-2. Плательщики сбора
      Плательщиками сбора являются физические или юридические лица, создающие средства массовой информации, подлежащие постановке на учет, переучет в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан.
 
      Статья 425-3. Порядок исчисления, уплаты сбора и возврата уплаченных сумм
      1. Сумма сбора исчисляется по ставкам, установленным Правительством Республики Казахстан, и уплачивается до подачи соответствующих документов в уполномоченный орган.
      2. Сумма сбора вносится в бюджет по месту регистрационного учета плательщика.
      3. Возврат уплаченных сумм сбора не производится, за исключением случаев отказа лиц, уплативших сбор, от постановки на учет, переучет средства массовой информации до подачи соответствующих документов в уполномоченный орган.
      При этом возврат производится после представления плательщиком документа, выданного уполномоченным органом, подтверждающим непредставление указанным лицом документов на осуществление постановки на учет, переучет средства массовой информации.".

      3. В  Бюджетный кодекс  Республики Казахстан от 24 апреля 2004 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 8-9, ст. 53; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22;  Закон  Республики Казахстан от 5 мая 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам аудиторской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 17 мая 2006 г. и "Казахстанская правда" 13 мая 2006 г.):
      пункт 1 статьи 46 дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:
      "11-1) сбор за постановку на учет, переучет средства массовой информации;".

      4. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. " О лицензировании " (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 37; N 12, ст. 88; N 14, ст. 93; N 15-16, ст. 109; N 24, ст. 162, Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 8-9, ст. 236; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 7, ст. 80; N 11, ст. 144, 149; N 12, ст. 184; N 13-14, ст. 195, 205; N 22, ст. 333; 1998 г., N 14, ст. 201; N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 222, 224, 225; N 23, ст. 416; N 24, ст. 452; 1999 г., N 20, ст. 721, 727; N 21, ст. 787; N 22, ст. 791; N 23, ст. 931; N 24, ст. 1066; 2000 г., N 10, ст. 248; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 7; N 8, ст. 52, 54; N 13-14, ст. 173, 176; N 23, ст. 321; N 24, ст. 338; 2002 г., N 2, ст. 17; N 15, ст. 151; N 19-20, ст. 165; 2003 г., N 1-2, ст. 2; N 4, ст. 25; N 6, ст. 34; N 10, ст. 50, 51; N 11, ст. 69; N 14, ст. 107; N 15, ст. 124, 128, 139; 2004 г., N 2, ст. 9; N 5, ст. 27; N 10, ст. 54; N 14, ст. 82; N 15, ст. 86; N 16, ст. 91; N 17, ст. 98; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 11, ст. 37; N 14, ст. 55, 58; 2005 г., N 23, ст. 104; Закон Республики Казахстан от 5 мая 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам аудиторской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 17 мая 2006 г. и "Казахстанская правда" 13 мая 2006 г.):
      статью 10 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:
      "12) по оказанию типографских (полиграфических) услуг.".

      5. В Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 г. " О средствах массовой информации " (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 21, ст. 771; 2001 г., N 10, ст. 122; 2003 г., N 24, ст. 175; 2005 г., N 13, ст. 53; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22):
      1) в статье 1:
      в подпункте 3) слово "полугодие" заменить словами "три месяца";
      в подпункте 4) слово "год" заменить словом "полугодие";
      2) пункт 2-1 статьи 7 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) граждане, являвшиеся главными редакторами (редакторами) средств массовой информации по вине которых выпуск, выход в эфир средства массовой информации был прекращен решением суда.";
      3) статью 10 изложить в следующей редакции:
 
      "Статья 10. Постановка на учет, переучет средства массовой информации
      1. Средства массовой информации, кроме WEB-сайтов, распространяемые на территории Республики Казахстан, независимо от формы собственности, подлежат обязательной постановке на учет в уполномоченном органе.
      2. Для постановки на учет, переучет собственник средства массовой информации либо лицо, действующее по его полномочию, подает заявление, отвечающее требованиям статьи 11 настоящего Закона.
      3. При постановке на учет, переучет средства массовой информации, а также при получении дубликата документа, удостоверяющего постановку на учет, переучет средства массовой информации взимается сбор в порядке, определяемом Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      При этом сбор за переучет средства массовой информации не взимается в случаях изменения языка издания либо вещания, территории распространения, главного редактора (редактора), адреса редакции и периодичности выпуска.
      4. Заявление об учете, переучете средства массовой информации подлежит рассмотрению в течение пятнадцати дней со дня поступления. По итогам рассмотрения заявления уполномоченный орган выдает собственнику средства массовой информации свидетельство о постановке на учет, либо отказывает по следующим основаниям:
      1) если уполномоченным органом ранее выдано свидетельство о постановке на учет средству массовой информации с тем же названием и распространением на ту же территорию либо сходной до степени его смешения с названием ранее созданного средства массовой информации;
      2) если содержание заявления не соответствует требованиям статьи 11 настоящего Закона;
      3) если заявление подано до истечения года со дня вступления в законную силу решения суда о прекращении выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации;
      4) если не уплачен сбор за постановку на учет, переучет средства массовой информации;
      5) если к заявлению о переучете средства массовой информации ввиду смены собственника не приложен нотариально удостоверенный договор, подтверждающий передачу прав собственности на средство массовой информации другому лицу;
      6) если к постановке на учет заявлено средство массовой информации с тем же названием (частью названия) и тематической направленностью или дублирующей название и тематическую направленность средства массовой информации, выпуск, выход в эфир которого ранее прекращен судом, а также в случае подачи заявления собственником либо главным редактором (редактором) ранее запрещенного судом средства массовой информации.
      5. Собственник периодического печатного издания сохраняет за собой право приступить к выпуску продукции средства массовой информации в течение трех месяцев со дня получения свидетельства о постановке на учет.
      Собственник теле-, радио-, видео-, кинохроникальной программы, информационного агентства сохраняет за собой право приступить к выпуску продукции средства массовой информации, распространению сообщений и материалов информационного характера в течение шести месяцев со дня получения свидетельства о постановке на учет.
      Свидетельство о постановке на учет средства массовой информации решением уполномоченного органа признается утратившим силу в случае пропуска срока выпуска продукции средства массовой информации, а также трехмесячного прекращения выпуска продукции средства массовой информации, за исключением случаев приостановления судом выпуска, выхода в эфир средства массовой информации.
      6. Средство массовой информации подлежит переучету в случаях смены собственника либо его организационно-правовой формы, наименования, а также названия средства массовой информации, изменения языка издания либо вещания, территории распространения, основной тематической направленности, главного редактора (редактора), адреса редакции и периодичности выпуска.";
      4) в статье 11:
      в пункте 1:
      часть первую дополнить подпунктами 6) и 7) следующего содержания:
      "6) фамилия, имя, отчество главного редактора (редактора);
      7) адрес редакции.";
      в части второй:
      в абзаце втором слово "документ" заменить словами "нотариально удостоверенный документ";
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "для юридических лиц - нотариально удостоверенные свидетельство о государственной регистрации юридического лица, учредительные документы.";
      дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "документ, подтверждающий оплату в бюджет сбора за постановку на учет, переучет средства массовой информации.".

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования, за исключением пунктов 2, 3, абзаца одиннадцатого подпункта 3) и абзаца одиннадцатого подпункта 4) пункта 5 статьи 1 настоящего Закона, которые вводятся в действие с 1 января 2007 года.

      Президент
 Республики Казахстан