Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
342-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"342 бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға бестен онға дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын, заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi, iрi кәсіпкерлiк субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан телерадио-хабарлар арналарында басқа тілдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату -
баспа немесе өзге де өнiмi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып лауазымды тұлғаларға бестен онға дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата отырып лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы ауысқан, басылымның не хабарлардың тілі, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы, шығарылымның мерзiмдiлігi өзгерген жағдайларда қайта есепке қоймай бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын өндiру, дайындау (тираждау басу) және (немесе) тарату -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды тұлғаларға жиырмадан қырыққа дейiнгi, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлер болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға әкеп соғады.".
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 61-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым.".
2) мынадай мазмұндағы 76-1-тараумен толықтырылсын:
"76-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым
425-1-бап. Жалпы ережелер
1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым (бұдан әрi - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған, қайта есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды, қайта есепке қоюды растайтын құжаттың телқұжатын алған кезде төленедi.
2. Есепке қоюды, қайта есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
425-2-бап. Алымды төлеушiлер
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес есепке қоюға, қайта есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралдарын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды уәкілеттi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы төлеушiнiң тiркеу есебiне қойылған жерi бойынша бюджетке енгiзіледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тиiстi құжаттарды уәкілеттi органға бергенге дейiн бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан, қайта есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару төлеушi уәкілетті орган берген, көрсетiлген тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды бермегенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi.".
3. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым;".
4. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 жыл, N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 146, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат, 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) баспаханалық (полиграфиялық) қызметтер көрсету.".
5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақшада "жарты жылда" деген сөздер "үш айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "жылына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы, эфирге шығуы сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторы (редакторы) болып табылған азаматтар.";
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою
1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын WEB-сайттардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары меншiк нысанына қарамастан мiндеттi түрде есепке қойылуға тиiс.
2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не оның уәкiлдiк беруi бойынша әрекет ететiн адам осы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес арыз бередi.
3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған, қайта есепке қойған кезде сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қоюды куәландыратын құжаттың телқұжатын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.
Бұл ретте басылымның не хабарлардың тiлi, таралу аумағы, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы және шығарылу кезеңi өзгерген жағдайда бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қойғаны үшiн алым алынбайды.
4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою жөнiндегi арыз ол түскен күннен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиiс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкілеттi орган бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не төмендегi негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралын бұрын сол атымен және сол аумаққа таралуымен немесе бұрын құрылған бұқаралық ақпарат құралының атаумен араласып кеткен дәрежеге дейiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн болса;
3) егер арыз бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл толмай тұрып берiлсе, одан бас тартылады;
4) егер бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны, қайта есепке қойғаны үшiн алым төленбесе;
5) егер бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы өтiнiшке меншiк иесi өзгергенi себептi нотариалды куәландырылған бұқаралық ақпарат құралына меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарт қоса берiлмесе;
6) егер есепке қоюға бұрын сот шығаруды, эфирге шығаруды тоқтатқан бұқаралық ақпарат құралының атауымен (атауының бөлiгiмен) және тақырыптық бағытымен немесе атауын және тақырыптық бағытын қайталайтын, сондай-ақ бұрын сот тыйым салған бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) бұқаралық ақпарат құралы арыз берсе бас тартады.
5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап үш ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға кiрiсуге өзiнiң құқығын сақтайды.
Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламалардың, ақпарат агенттіктерiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiк алған күннен бастап алты ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсуге өзiнiң құқығын сақтайды.
Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығару мерзiмi өтiп кеткен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын шығару, эфирге шығару сотпен тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда бұқаралық ақпарат құралы үш айға тоқтатылған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
6. Меншiк иесi немесе оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының атауы, басылымның не хабарлардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы және шығарылу кезеңi өзгерген жағдайларда бұқаралық ақпарат құралы қайта есепке қойылуға тиiс.";
4) 11-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "тиiс деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) бас редактордың (редактордың) аты-жөнi;
7) редакцияның мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.";
екiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацта "құқығын растайтын" деген сөздерден кейiн "нотариалды куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы нотариалды куәландырылған куәлiк, құрылтай құжаттары;";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою туралы бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.".
2-бап.
Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 2, 3-тармақтарын, 5-тармақтың 3) тармақшасының он бiрiншi абзацын және 4) тармақшасының он бiрiншi абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi