2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiммен бекiтілген Еуразия даму банкiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Еуразия даму банкiне қатысушының өкiлеттi өкiлi Владимир Сергеевич Школьникке Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразия даму банкiнiң филиалын, сондай-ақ Астана (Қазақстан Республикасы) және Мәскеу қалаларында (Ресей Федерациясы) өкiлдiктерiн ашу туралы Еуразия даму банкi Кеңесiнiң шешiмiн қабылдау жөнiнде дауыс беруге өкiлеттiк берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Еуразия даму банкi өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Еуразия даму банкiнiң жарғылық капиталына жазылуға ақы төлеу бойынша вексельдер нысанында мiндеттемелердi шығаруға өкiлеттiк берiлсiн.
4. Осы қаулы Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі